ШҰҒЫЛ! САЙРАМДЫҚТАР САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТЫ САҚТАМАЙДЫ Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ АУДАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

17:28, 11 қазан 2019

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов шалғай жатқан үш ауданды аралады. «Тұран» және «Асар 2» шағын мөлтекауданының халқымен жүздесіп, Қаратау ауданына қарасты «Әдия» тұрғын үй кешенінде болды.

8 мыңнан астам тұрғыны бар Тұранда ауыз су, табиғи газ бен электр жарығы жүргізілмеген. Оған қоса жол құрылысы мен қоғамдық көлік те түйіткілді мәселеге айналған. Асарлық тұрғындарды да толғандыратын мәселе осы.  Ал, «Әдия» тұрғын үйінің жан-жағын қаңғыбас иттер қаптаған. Жол мәселесі үш ауданға ортақ. Аталған елді мекендердің барлығын толықтай аралаған шаһар басшысы қордаланған мәселені өз көзімен көрді. Бірінші кезекте қала бюджеті  инфрақұрылымды дамытуға бөлінетінін және кезең-кезеңімен іске асатынын атап өтті. Жиналған көпшілікпен ашық сұқбат жүргізіп, жұрттың көкейінде жүрген түйткілдерді тыңдады. Ерлан Айтаханов тиісті сала басшыларына жұмысты жүйелі жүргізуді тапсырды. Өйткені жаңа салынған жолды көлденең қазып ауыз су тартылады. Ол жер кейін қараусыз қалады. Сондықтан бірінші осы жағын жүйелеу керектігі айтылды. Оған қоса Аудан әкімдеріне тұрғындармен жиі кездесіп, жедел-жәрдем көлігінің қызметін ретке келтіруді қадап айтты. Ал, қаңғыбас иттер мен қоқыс шығару мәселесін шұғыл шешуді тапсырды. Жаңа мөлтек аудандарда полиция тірек пункіттері де салынатын болды.

М. Жорабай                                                                                          


 

Тақырып бойынша материалдар

13:40, 27 мамыр 2020
ШЫМКЕНТТІК БУХГАЛТЕР ӘУЕС ІСІН КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРДЫ
Толығырақ...
64 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ТАУАРЫН ЗАҢСЫЗ АЛЫП ӨТПЕК БОЛҒАН
13:36, 27 мамыр 2020
64 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ТАУАРЫН ЗАҢСЫЗ АЛЫП ӨТПЕК БОЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар