ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ

17:02, 4 тамыз 2021

Қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Онда тұрғындар инфрақұрылым, жер, тұрғын үй мен асфальт салу, қоғамдық көлік және көшені жарықтардыру жұмыстары секілді түрлі мәселелерін ортаға салды. Солардың бірі қала тұрғыны Амангелді Ақшораев. Қала әкіміне Ынтымақ-2 шағын ауданының газ, су, көшені жарықтандыру және асфальттау жайын баяндап, аталған шағынауданның инфрақұрылым мәселесін шешіп беруді сұрады.

Тұрғынның сауалын тыңдаған қала басшысы газ мәселесі АГРС-3 нысаны іске қосылғаннан кейін, ауыз су мен электр жарығының құрылыс жұмыстары 2021 жылдың соңында аяқталып, толыққанды сапалы ауыз сумен және электр жарығымен қамтылатынын айтты.  «Ал жол мәселесі шағын ауданға ауыз су және электр жарығының құрылыс жұмыстары аяқталған соң шешіледі. Ауыз су жүйелерін жүргізу барысында қазылған 22 көшеге шағал тас төсеу жұмыстарын мердігер мекеме «Асфальт» ЖШС жүргізуде. Сіздің көшеңіз аталған тізімге енгізілген. Тас төсеу жұмыстары жыл соңына дейін жүргізілетін болады»,-деді Мұрат Әйтенов.Өз мәселесімен келген тұрғынның бірі Мақсат Сарсенбаев мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арбалар бойынша инновациялық жобалар мен қайтарымсыз грант алу мәселесін көтерді. Мақсат Саркенбаевтің сауалына жауап берген қала әкімі «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа (200 АЕК),  алдағы уақытта қосымша қаржы бөлінген жағдайда, құжаттарын тапсыра алатынын айтты. Қабылдауға жазылған 10-ға жуық азаматтың өтініштерін егжей-тегжейлі талдаған қала әкімі көтерілген сауалдарға байланысты зерделеу жұмыстарын жүргізіп, тиісті шаралар заң аясында қабылдауды сала басшыларына тапсырып,  бірқатар міндеттер жүктеп, орындалу барысы өз бақылауында болатынын жеткізді.

 

АВТ. ӘЙГЕРІМ

Тақырып бойынша материалдар

БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
17:50, 17 қыркүйек 2021
БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
16:34, 17 қыркүйек 2021
ТҮРКІСТАНДА ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...