ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ БАДАМ ӨЗЕНІ АУМАҒЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

15:44, 10 маусым 2021

Шымкент қаласында мұнай өңдеу зауытынан Забадам шағын ауданына дейінгі «Бадам» өзенінің бойын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аумақтағы құрылыс жұмыс барысымен танысты.Мұрат Дүйсенбекұлы сондай-ақ «Металлург» стадионының қайта құру және күрделі жөндеу жұмысының қарқынын бағамдап қайтты.

Нысан құрылысы 2 кезең бойынша жүргізілуде. 1 кезеңге сәйкес 3 шақырым аумақ жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген. Екінші кезеңде жобаға сәйкес абаттандыру жұмыстарының ұзындығы 6,7 шақырымды құрайды. Бас мердігер - «СтройСервис-7» ЖШС. Шаһар басшысы сала басшыларымен бірге Бас мердігермен жолығып, туындаған мәселелерін тыңдады. Қала әкімі мердігерге «Бадам» өзені бойын абаттандыру жұмысын  сапалы және жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.

ҚАЛА ӘКІМІ МЕТАЛЛУРГ СТАДИОНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНА БАРДЫ

Шымкент қаласының Абай ауданындағы «Металлург» стадионын қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 1980 жылы пайдалануға берілген спорт кешенінің тозығы жеткен болатын.Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысанның құрылыс барысын аралап көрді. Біраздан бері жоспарда жүрген қайта қалпына келтіру «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында өткен жылдың мамыр айында қолға алынған. Мердігер мекеме - «Югстройсервис-Н» ЖШС-ы. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша спортшылар үйінде  қабат аралық жабын – 50%, 1504 орынға арналған трибуна металлды құрылым монтаждау – 80%, спортзал жер жұмыстары – 40 пайызға орындалды.Қала әкімі  жұмыстың барлық кезеңінде сапаны басты назарда ұстау керектігін атап өтті.

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...