ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН АРАЛАП КӨРДІ

17:56, 14 қаңтар 2022

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар дәрі-дәрмек қоймалары мен медициналық бұйым шығаратын мекемелерді аралады. Шаһар басшысы «НПО Зерде» және «Медсервис Плюс» ЖШС-нің көтерме қоймаларын тексеріп, жоспарланған дәрілік заттарды жеткізу және жинақтау бойынша резервтік қорлармен қамтамасыз етілуіне көз жеткізді.

НПО «Зерде» ЖШС-нің №1 дәрілік қоймасы қалыпты жұмыс істеуде. Қойма басшылары дәрілер болмаған жағдайда дәріхана ұйымдары қорларын толықтырып жатқанын жеткізді. Қойманың жалпы ауданы – 2,44 гектар. Мұнда 130 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.  .«Медсервис Плюс» ЖШС дистрибьюторлық компаниясы бүгінгі таңда 300-ден астам фармацевтикалық компаниялардың өнімдерімен жұмыс істейді. 4000-нан астам медициналық фармацевтикалық өнімдердің кең ауқымын ұсына алады. Бүгінде еліміздің 14 ірі қаласында компанияның филиалдары ашылған. Ауданы 2300 шаршы метр қоймада 62 адам жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта 500-ден астам дәріханалық желілермен келісім жасалып, жеткілікті қор қамтамасыз етілген.Қоймаларды аралаған қала әкімі фарм компания өкілдерін әкімдікпен бірлесе жұмыс жасауға шақырды .

ШЫМКЕНТТЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сауда-логистикалық орталығында орналасқан «Химфарм» АҚ-ның дәрілік қоймасы мен «НПО Зерде» ЖШС-нің жаңадан ашылған екінші дәріхана қоймасында болып, ондағы дәрі-дәрмектердің қажетті қорын бақылап шықты.Шаһар басшысы пандемияның өткен толқындар кезіндегі тәжірибені ескере отырып, COVID-19 індетін емдеу бойынша препараттар тапшылығын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылдауды, дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры болсада қажетті ыстық түсіретін дәрілердің көлемін арттыруды тапсырды. Сонымен бірге  бағаның негізсіз өсуінің алдын алу мақсатында мониторинг жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті.Осы ретте, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы С.Пакеев департамент қызметкерлерімен апта сайын дәріханалар мен көтерме сауда қоймаларындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жеткілікті болуына талдаудың жүйелі түрде жүргізілетінін жеткізді.

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ГОСПИТАЛІНЕ БАРДЫ

Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов «Ақжайық» шағынауданында орналасқан жұқпалы аурулар госпиталінің жұмысы мен қызмет сапасын арнайы барып, тексеріп шықты.Инфекциялық орталықтың бас дәрігері Ережепов Бақтығалы түскен науқастарға ем-шара тиісті деңгейде көрсетіліп жатқандығын баяндады. Оның айтуынша, төсек-орындардың барлығы оттегі нүктесімен қамтылған және екі айға жететін дәрілік қоры дайындалған. Сондай-ақ, жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы рентген сынды инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті жабдықтардың барлығы бар. Айта кетейік, мамандандырылған инфекциялық стационарларда бүгінде барлығы 403 орын бар, төсек орын толымдығы 51 пайызды құрайды. Жұқпалы аурулар стационарында 209 адам, жансақтау бөлімінде 14 науқас ем қабылдауда. Қалада эпидемиологиялық жағдайға байланысты 5 мыңнан астам төсек-орын ашуға мүмкіндік бар.

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ШАҚЫРУШЫЛАР САНЫ АРТЫП ОТЫР

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Covid-19 індетімен күрес жұмыстары барысын пысықтау мақсатында жедел жәрдем станциясының жұмысын аралап көрді.Станцияның жұмысымен таныстырған  бас дәрігер Гүлнәр Құрманбекова қазіргі эпидемиялогиялық жағдайға байланысты жедел жәрдем шақыртушылар саны артып отырғанын мәлімдеді. Дәрігердің айтуынша, 103 қызметіне орташа есеппен күніне 1900- 2000 қоңырау келіп түсуде. Жедел жәрдем көмегіне жүгінгендердің басым бөлігі ЖРВИ инфекциясымен ауырғандар.Қала әкімі ең алдымен медицина қызметкерлерін қорғаныс киімдермен қамтуды және сақтық шараларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, жұмысты  күшейтілген режимде ұйымдастыруды тапсырды.Бүгінде үшінші мегаполисте 100 жедел жәрдем бригадасы тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетуде. 103 станциясы толығымен цифрлы жүйеге қосылған.  

Тақырып бойынша материалдар

ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС ЖҰМЫС САПАСЫН АРТТЫРАДЫ
17:53, 27 қаңтар 2022
ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС ЖҰМЫС САПАСЫН АРТТЫРАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ МОДУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТТЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
17:51, 27 қаңтар 2022
ШЫМКЕНТТЕ МОДУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТТЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...