ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН АРАЛАДЫ

15:45, 10 маусым 2021

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар тұрғын үй, инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысымен танысты. Шаһар басшысы жауапты мердігерге құрылысты сапалы орындауды және тиісті мерзімде тапсыруды міндеттеді.

Шаһар басшысы алдымен Әкімшілік-іскерлік орталығы Арғынбеков көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысын аралап көрді.  Мұнда №2 және №3 үйдің құрылысына жауапты мердігер мекеме – «Югстройсервис-Н» ЖШС,  №1 және №4 үйдің құрылысын «Орион ЛТД» ЖШС жүргізіп жатыр. Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Мердігер мекеме төрт үйді де биыл аяқтауды жоспарлауда. Атап айтқанда, №3 үй маусым, №2 үй  шілде,  ал №1 және №4 үй қараша айында тапсырылады. Пәтерлердің жалпы ауданы – 14 074,0 шаршы метр. Сондай-ақ, қала әкімі Арғынбеков көшесі үй алқабындағы көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік инфрақұрылымының құрылысын да пысықтады. Мердігер мекеме «Ынтымак Бес-Арыс» ЖШС құрылысты тамыз айында аяқтауды жоспарлап отыр.

ҚАЛА ӘКІМІ ӘКІМШІЛІК-ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫҚТАҒЫ 9 ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНДА БОЛДЫ

Шымкент қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталықта 9 қабатты 56 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған көпқабатты  үйлердің құрылыс алаңына барып, құрылыс сапасын бақылады. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме – «Югстройсервис-Н» ЖШС. Жауаптылар құрылысы 2019 жылы басталған нысанды биыл маусым айында аяқтауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, әкімшілік-іскерлік орталықтағы 9 қабатты сегіз тұрғын үйдің инженерлік инфақұрылым құрылысы қатар жүргізілуде. Мердігер мекеме  – «СМУ «БУРВОДСТРОЙ» ЖШС және «Гео Нұр Құрылыс» ЖШС. Нысандардың құрылысын 2021 жылдың  шілде айында аяқтауды жоспарлауда.

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...