ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ «САЙРАМ» ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

16:54, 5 мамыр 2021

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Сайрам» тұрғын алабына барды. Шаһар басшысы әлеуметтік нысандар құрылысы және тарихи-мәдениет орындарының жағдайымен танысты. Сондай-ақ жолдарды орташа жөндеу жұмыстарының барысымен, қоғамдық көлік бағыттарының жағдайымен танысты. Сатыбалдиев-Машраб көшелерінің қиылысындағы құрылыс барысын аралап көрді.

Бүгінде «Сайрам» тұрғын алабында 300 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс барысында атқарылған жұмыстар жалпы 70 %-ды құрайды.Бас мердігер – «Жаңа Арна 2002» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың наурыз айында басталған еді. Мердігер мекеме құрылысты 30 тамызда аяқтауды жоспарлап отыр. 2021 жылға бөлінген қаржы – 497 246, 0 мың теңге. Оның игерілгені 183 249,4 мың теңге. Қала әкімі құрылысты сапалы жүргізуді және жоспарлы мерзімде аяқтауды тапсырды.     Тұрғын алаптағы 79 көшенің жалпы ұзындығы – 247,5 шақырым: асфальт  жол – 145,3, тас  жол – 102,2 және топырақ  жол – 0 шақырым.2021 жылы 8 көше жөндеуден өтеді. Жалпы ұзындығы – 14,8 шақырым. Атап айтқанда, мердігер «Нұрлы жол» ЖШС бүгінде Cыдықхан ата ( 2,2 шқ), Гозохан көшесінде (3,0 шқ) жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, мердігер «АзияКомплексСтрой» ЖШС Марьям ана, Хавазмат ата көшесінде  (1,1 шқ) жөндеу жұмыстарын бастады. Орындау мерзімі – мамыр-маусым айы.Айта кетсек, бүгінде тұрғын алапқа №30 – Сайрам - Акбар базар, №139  Сайрам – Ордабасы, №148 Шапырашты – Акбар базар бағытында қоғамдық көлік қатынауда.

 

Авт.  ПЕРИЗАТ                                           

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...