ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ «САЙРАМ» ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

13:43, 6 мамыр 2021

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Сайрам» тұрғын алабына барды. Шаһар басшысы әлеуметтік нысандар құрылысы және тарихи-мәдениет орындарын аралады. Сондай-ақ жолдарды орташа жөндеу жұмыстарының барысын көріп, қоғамдық көлік бағыттарының жағдайымен танысты.

Мұрат Әйтенов - Шымкент қаласының әкімі

Бүгінде «Сайрам» тұрғын алабында 300 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс барысында  атқарылған жұмыстар жалпы 70 %-ды құрайды. Бас мердігер – «Жаңа Арна 2002» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың наурыз айында басталған еді. Мердігер мекеме құрылысты 30 тамызда аяқтауды жоспарлап отыр. Қала әкімі құрылысты сапалы жүргізуді және жоспарлы мерзімде аяқтауды тапсырды.

Жанат Тәжиева - Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы 

«САЙРАМ» ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қала әкімі Мұрат  Әйтенов «Сайрам» тұрғын алабындағы жолдарды орташа жөндеу жұмыстарының барысымен, қоғамдық көлік бағыттарының жағдайымен танысты. Сатыбалдиев-Машраб көшелерінің қиылысындағы құрылыс барысын аралап көрді. 2021 жылы 8 көше жөндеуден өтеді. Жалпы ұзындығы – 14,8 шақырым. Айта кетсек, бүгінде тұрғын алапқа №30 – Сайрам – Акбар базар, №139  Сайрам – Ордабасы,  №148 Шапырашты – Акбар базар бағытында қоғамдық көлік қатынауда.

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ҚОСЫМША ҚҰРЫЛЫСЫ  КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында Сайрам тұрғын алабында бастауыш мектептің 120 орындық қосымша құрылысы жүргізілуде. Әлеуметтік нысан құрылысының 70% жұмыстары аяқталды. Қала әкімі аталған нысанның құрылыс барысын аралап көрді. Бас мердігер – «А.Р.Т. - Құрылыс» ЖШС. Құрылыс былтыр наурыз айында басталған болатын. Биыл 1 қыркүйекке тұрғындар игілігіне тапсыру жоспарланған.

 

Ә. Дәулетбекқызы                                               

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...