ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫН ТЕКСЕРДІ

13:23, 7 маусым 2021

Бүгінде Қонаев даңғылы қайнаған құрылыстың ортасы болып тұр. Қаладағы алғашқы ірі жолайырық та осында салынуда. Ал, келесі бөлігі жалғасын тауып, халықаралық трассаға айналмақ. Қарқынды жүріп жатқан жол құрылысы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жіті бақылауында. Шаһар басшысы кезекті рет құрылыс нысанына барып, барысымен танысты.

Қала әкімі Шымкенттегі маңызды нысандардың бірі Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығын салу жұмыстарымен танысты. Бүгінгі күні аумақтағы 1,92 шақырым су және 1,82 шақырым газ құбырларының, 1,2 шақырым электр және 0,6 шақырым байланыс сымдарының орны ауыстырылған. 400 метрге тіреу қабырғаларын құйған. Уақытша электр бағаналарын орнату – 7 дана, 114 дана свай құю, жер жұмыстары – 85 000 текше метр, қуаттылығы 110 кВ электр желісін уақытша айналма желісіне қосу, жаңадан салынған қысымы жоғары диаметрі 500 мм газ құбырын қолданыстағы газ құбырына қосу жұмыстары орындалды.

Осы айда жер асты өткелінің жұмыстары, қада құю және Рысқұлов көшесінің Қонаев даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі аралықта жол бөлігінің жұмыстары жүргізілетін болады.Қонаев даңғылын өткел арқылы көліктердің қозғалысын ашу 1 қыркүйекке дейін, ал Рысқұлов көшесін көпірдің құрылысымен бірге көліктердің қозғалысы үшін ашу  1 қарашаға дейін деп жоспарлануда.  Жалпы жолайрық толығымен жыл соңында пайдалануға беріледі. Шаһар басшысы инженерлік коммуникациялардың орнын ауыстыру жұмыстарына кедергі келтіріп отырған Рысқұлов–Қонаев көшелерінің қиылсындағы «Майсс» ЖҚБ нысанының мәселесін тездетіп шешуді тапсырды.

"ЕСКІ ҚАЛАШЫҚ" АУМАҒЫНДАҒЫ 15 ҮЙ СҮРІЛДІ

Сондай-ақ, Мұрат Дүйсенбекұлы Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының ІІ кезеңі жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда «Ескі қалашық» аумағындағы мемлекет мұқтажы үшін алынған 15 үй толығымен сүрілді.    Жобада Әйтеке би көшесімен ұзындығы 600 м жол асты өткелі (тоннел) бөлігі қарастырылған. Бірінші кезекте құрылыстың негізгі жұмыстарын (тоннел қазу) бастау үшін Әйтеке би көшесі бойындағы нысандарды мемлекет мұқтажына қайтару қажет. Құрылыс аумағына түсетін жер телімдері уақтылы мемлекет мұқтажына алынған жағдайда жолдың құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қала әкімі сала басшыларына тұрғындардың үйін алу кезінде олардың талап-тілегі ескерілетіндей болу қажеттігін айтты.

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...