ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ҚАЛА ХАЛҚЫ ҚАЛЫПТЫ ӨМІРГЕ ОРАЛУДА

11:41, 8 қаңтар 2022

Шымкентте дүрбелең кезінде бірнеше мемлекеттік ғимараттар мен 10-ға жуық бизнес нысандар бүлінген. Одан бөлек 100-дей көлік зақымданып, өртенген. Оның ішінде қарапайым тұрғындардың автокөліктері де бар. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мәлімдеді. Журналистерге сұхбат берген шаһар басшысының орынбасары әскерилер тарапынан оқ атылмағанын жеткізді.

Қала әкімінің орынбасары сөзін шһардағы бүгінгі жағдайды баяндаудадан бастады. Шыңғыс Жұмабекұлының айтуынша қазір қаладағы жағдай тұрақты. Барлық стратегиялық нысандарда күзет күшейтіліп қалаға кіретін күре жолдарға блокбеттер орнатылған.

Шыңғыс Мұқан – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

Еңбастысы халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігі...

Жағдайдың қалыпты екенін жеткізген соң келтірілген залал мен келген шығын жайлы айтылды. Бұл мәселе бойынша әзірге нақты ақпарат жоқ. Барлығы зерделеніп жатыр. Бір анығы елдің дегбірін алған дүрбелеңнен  келген шығын қомақты.     

Шыңғыс Мұқан – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

Қайтыс болған адамдар бар. Мәселен, пышақталған адамдар бар. арандатушылардан оқ атқан адамдар бар. Бірақ мемлекеттік әскерилер тарапынан оқ атылған жоқ.

Зардап шеккендер арасында арандатушылар мен бірге билік өкілдері де бар. Мәселен, наразылық айтып әкімдікке барғандардың талабын тыңдау үшін халық алдына шыққан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Пернебай ұлымен Полиция департаменті басшысының орын басары да бұзақылар тарапынан соққы алған. 

Шыңғыс Мұқан – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

Заместитель акима города Мақсұт Исахов пострадаль Сосын ПД бастығының бірінші орынбасары Мұрат Алтаев мырза ол кісіге де қол көтерілген.

Бүгінде Шымкентте жағдай бір қалыпты. Қоғамдық көліктер жүріп, халық бұрынғы тіршілігін жалғастыруда. Қираған дүниелерді тиісті мекеме мамандары тазартып жатыр. Ал, құқық қорғау органдары елдің тыныштығын алып, жұртты дүрліктірген азаматтарды құрықтауда.

Шыңғыс Мұқан – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

Жедел ақпарат бойынша, арандатушылар ұсталып жатыр. Мәселен айтар болсақ, ақша бергені, анықталып жатыр...

Жағдайдың тұрақталғанына қарамай қалада төтенше жағдай жарияланған. Сондықтан түнгі сағат 23-00 –ден кейін жүріп тұру шектелген.

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...