ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 63 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ ВАКЦИНА АЛДЫ

17:17, 21 шілде 2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн режимде еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес отырысын өткізген болатын.Жиында Қазақстанда 2,8 миллион адам вакциналаудың толық курсын алғандығы айтылды. «Біздің ең өзекті мақсатымыз – вирустың таралуын тоқтату емес. Әлемдік тәжірибе мұның мүмкін емес екенін көрсетіп отыр. Ең бастысы – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан, оның бір ғана жолы бар. Бұл – жаппай вакцинация, екпе салу», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Шымкент қаласында жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 12 309 науқас анықталды. Оның ішінде 8 492 адам емделіп шыққан. Қазіргі кезде стационарда 1 728 науқас ем қабылдап жатса, 1 874 адам үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдауда.Қалада дертке шалдыққандарды емдеуге арналған 2946 төсек орын дайындалып, оның толымдылығы 58 пайыз болып отыр. Эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлаған жағдайда төсек орындар санын 5 416-ға жеткізуге мүмкіндік бар.Бастапқы медициналық көмек бойынша, 36 емханада 205 мобилді бригада жасақталған. Олар үй жағдайында ем қабылдап жатқан науқастар мен індет жұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болған 10 668 адамға медициналық қызмет көрсетуде. Биылғы ақпан айынан бастап қалада 45 стационарлық және 25 жылжымалы вакцина егу бекеттері ұйымдастырылған. Бүгінге дейін вакцинаның бірінші компоненті – 341 088 адамға, екінші компоненті – 215 563 азаматқа салынған. Қала тұрғындарының вакцина алатын контингенті құрамынан 63,6 пайызы вакцинаның кемінде бір компонентін алған. Бұл Президент тапсырмасының Шым қалада тұрақты орындалуының көрінісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев        Қазақстан Республикасының Президенті

//Өңірлердің басым бөлігі қызыл аймақта. Ауыр және аса ауыр жағдайдағы науқастардың саны күн сайын көбейіп барады.Ең өкініштісі, азаматтарымыздан айырылып жатырмыз. Сондықтан шұғыл түрде іс-шараларды қолдануымыз керек. Тиісті жұмыс жоспарын дайындап, оны міндетті түрде іске асыруымыз қажет.Біздің ең өзекті мақсатымыз – вирустың таралуын тоқтату емес. Әлемдік тәжірибе мұның мүмкін емес екенін көрсетіп отыр. Ең бастысы – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан, оның бір ғана жолы бар. Бұл – жаппай вакцинация, екпе салу.//

Қаладағы медициналық ұйымдар мен дәріханалар қажетті дәрі-дәрмек қорымен толық қамтылған. Ауруханалар мен емханалар 615 өкпе желдету аппараттарымен, 336 өттегі концентраторларымен, 8 оттегі станциясымен, сұйық оттегіге арналған 9 резервуармен жабдықталған. Жедел жәрдем қызметі былтырғы жылы 100 арнайы автокөлікпен толықтырылып,  күніне үш жарым мың шақыртулар бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар. Қала аумағында 40 мониторингтік топтар жасақталып, карантин режимінің сақталуын бақылауға алған. Кәсіпкерлік нысандары бойынша 934 бизнес субъектісі «Ashyq» жобасына қосылған. Осы субъектілерге келушілер арасында коронавирус бойынша 76 қызыл және 197 сары мәртебесі бар азаматтар анықталған. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Мемлекет басшысы берген тапсырмалар негізінде сала жетекшілеріне нақты міндеттерді іске асыруды жүктеді.

Оның ішінде вакцина егу жұмыстарының қарқынын түсірмеуді, вакцина егуге қарсы топтармен түсіндіру жұмыстарын жаңа мазмұнда жүргізуді тапсырды. Халық арасындағы түсіндіру жұмыстарында тиімділікті арттыратын тың ақпараттық тәсілдер қолдану керек екендігіне назар аударды. Мобильді топтар жұмысын жүйелеп, қызмет арнасын азаматтар өмірін сақтап қалуға бағыттау керектігін айтты. Қажет болған жағдайда мобильді топтар санын арттыру мүмкіндіктері қарастырылуы тиіс деді. Қалаға жеткізілген вакциналардың сақталу тәртібін тұрақты  қадағалауда ұстауды және медицина ұйымдарының дәрі-дәрмекпен, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылуына бақылауды күшейтуді жүктеді. «Атамекен» ҰКП Шымкент қалалық филиалының басшылығы мен қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына бизнес субъектілерге «Ashyq» жобасына қатысу тиімділігін түсіндіру бойынша мақсатты кездесулер өткізуді тапсырды.

 

Авт. Перизат.                   

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...