ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ҚАЛАМГЕРДІ ЕСКЕ АЛДЫ

16:38, 13 желтоқсан 2019

Шалқыма шабытты ақын Шалқар Әбішұлы көзі тірі болғанда 75 жасқа толар еді. Бәйдібек ауданында қаламгерді еске алуға арналған тағлым алар тартымды жиын өтті. Басқосуға танымал тұлғаның ұл-қыздары, зиялы қауым өкілдері мен бір топ жазушылар қатысты.

Шалқар Әбішұлы 1944 жылы Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Қошқар-Ата ауылында дүниеге келген. Бірнеше өлеңдер мен термелер жинақтарының авторы. «Рух пен тән саулығы», «Аштықты ұстау – денсаулық кепілі» сынды басқа да кітаптары жарық көрген.

Абай Ахметұлы – «Шалқар мұрасы» қайырымдылық қорының президенті

Ол кісінің осы аймақ тұрғындарына жасаған жақсылығы ел есінде. Қиын-қыстау кезеңдерде талай азаматқа қол ұшын берді.

Ақынның өзі ұйыт­қы болған халықаралық «Шалқар термелері» байқауы да ел есінде. Ол кісі халықты, әсіресе өскелең ұрпақ – жастарды адамгершілік қасиеттерге үнемі үндеп отырудан жалықпады»,-дейді көз көргендер.

Шәріпбек Жамалбек–Оңтүстік Қазақстан облыстық «Азаматтық альянсы» қоғамдық  бірлестігінің  басшысы

Ол әсіресе жастарды қолдады. Олардың өнер саласында самғауына сеп болды. Арнайы шығармашылық кештерге ұйытқы болды.

Айта кетейік, басқосуда талай жанға рухани ұстаз бола білген өнегелі азаматтың үзеңілес әріптестері оның естеліктерімен бөлісіп, еңбектерін дәріптеді. Ал, өнерпаздар ақынның сөзіне жазылған өлеңдерін айтты. Шараның басты мақсаты да қаламгерді қадірлеп, жас ұрпаққа ұлықтау еді. 

Ә. Дәулетбекқызы      


 

Тақырып бойынша материалдар

50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
16:14, 4 тамыз 2020
50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...