ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ҚАМКӨҢІЛ ЖАНДАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

15:50, 7 қазан 2021

Төлеби ауданындағы аз қамтылған отбасы балалары мен мүмкіндігі шектеулі жандар Түркістан қаласын аралап, көне шаһардың бүгінгі көрікті келбетін өз көздерімен көрді. Оларға мұндай мүмкіндікті Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалы мен аудандық жұмыспен қамту бөлімі сыйлады. Екі ұжымның ұйытқы болуымен түрлі санаттағы 20 азамат рухани шаһардағы сәулетті ғимараттарды аралап, Қожа-Ахмет Яссауи кесенесіне зияарат жасады.

Түркістанды осы күнге дейін тек теледидардан ғана көріп, армандап жүрген жандар алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне тәу етіп, кесене ішін аралап көрді. Тайқазанның алдында суретке түсіп, хандар мен батырлар туралы ақпаратқа қанықты. Одан кейін ашық аспан астындағы амфи театрды көріп, субұрқақтардың биін тамашалады. Этноауылға соғып, Қазақ елі мұражайына аялдады. Ондағы ғажайыптар қамкөңіл жандардың көңілін көтерді.

Жалғас Жұмабек - 5 сынып оқушысы

Бізді көлікпен алып жүр, аяғымыз шаршамайды. Мында фонтан қойыпты, суда жүзетін қайықтар жүр. Керуен сарайы жақсы екен. Қала көркейіп кетіпті.

Сондай-ақ сапар соңында Керуен сарай туристік кешенін аралап, суретке түсті. Ертегілер еліне енгендей әсерге бөленген жандардың қуанышында шек болмады. Оны көрген ұйымдастырушылар негізгі мақсаттарының орындалғанына қуанды.

Ғалымжан Елшібай –ҚР журналистер одағы ТОФ төрағасы, ұйымдастырушы

Түркістанның тотыдай түрленіп, дамып жатқанын теледидардан ғана көріп, тамсанатынын, өзі сияқты тағдырлас жандардың датүркістанды көргісі келетінін, ол туралы аңыз бен ақиқатқа толы әртүрлі қызықты әңгімелерге аңсары ауып жүрген, өтініш-тілегін жеткізді. Келгісі келген адамдар көп болды. Жолдың ұзақтығына қарай, денсаулықтарының шыдайтынына, жас ерекшеліктеріне, арасында балаларды да қамтуды дұрыс деп ұйғардық.

Қамкөңіл жандар саяхаты күн ұзаққа жалғасты. Сапар соңында өздерінің арманын ақиқатқа айналдырғаны үшін  ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырды.  

 

М. Жарылқасын

 

Тақырып бойынша материалдар

БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:23, 26 қараша 2021
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ...
Толығырақ...
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
20:19, 26 қараша 2021
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
20:14, 26 қараша 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

13:05, 22 қараша 2021
ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ «ONTUSTIK» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТІМЕН ЖҮЗ...
Толығырақ...
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
17:29, 22 қараша 2021
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
Толығырақ...
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
17:38, 24 қараша 2021
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
Толығырақ...