ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

«ҚАНАТТЫ ҚАЛАМГЕРЛЕР»- БАРШАҒА ОРТАҚ ТҰЛҒАЛАР

14:19, 19 қаңтар 2021

Бәйдібек аудандық «Алғабас» газетінің шыға бастағанына өткен жылдың соңында 85 жыл толған болатын. Мерейлі мереке кейінге қалдырылды. Әйтсе де тарихы терең басылым мен оны басқарған азаматтар жайлы «Қанатты қаламгерлер» деп аталатын кітап дүниеге келді. Авторы, танымал журналист әрі осы басылымның бас редакторы Абзал Әділбекұлы.

Облыстың өзге аудандарындағыдай бұл «Алғабас» газетінің де  аты заман ағымына сай бірнеше рет ауысқан.  Әйтсе де ол  өз міндетінен айнымаған. Сарғайған газет тігінділерінен  сол тұстағы қоғамның бет – бейнесін аңғарасыз. Алайда, осы жылдар ішінде мұнда қаншама тарих қалыптасып, қаншама адам еңбек етпеді?!

АБЗАЛ  ӘДІЛБЕКОВ – БӘЙДІБЕК  АУДАНДЫҚ  «АЛҒАБАС» ГАЗЕТІНІҢ  РЕДАКТОРЫ,  КІТАП  АВТОРЫ

Кітап авторы осы тарихты саралай келе, оның ішінде осы  басылымды басқарған редакторлар туралы қалам тербеген.  Сондықтан да кітаптың аты «Қанатты қаламгерлер»  деп аталып отыр.

АБЗАЛ  ӘДІЛБЕКОВ – БӘЙДІБЕК  АУДАНДЫҚ «АЛҒАБАС» ГАЗЕТІНІҢ  РЕДАКТОРЫ,  КІТАП  АВТОРЫ

Бір ерекшелігі- бұл кітапқа енген  есім иелері тек осы ауданның ғана тумалары емес. Олардың арасында  өзге аймақтың да азаматтары бар.   Сондықтан  бұл    шежіре -  кітаптың тарихы  тек Бәйдібекке ғана  емес,  баршамызға ортақ болуы тиіс. 

СЕРІКБАЙ  ТҰРЖАН -  ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ

МҰХТАР АТАБЕК – ТІЛШІ

(Міне, 85 жылдыққа арнап шығарылған «қанатты қаламгерлер» деген кітап осы. Тарихи дректерге негізделіп  шыққан біл кітаптытіпті, ғылыми еңбек десе де болғандай...)

 Қорыта айтқанда бұл кітап- тұнып тұрған тарих әрі шежіре. Ал мұны оқыған  әрбір оқырман бұл кітаптан өткенін  біліп,  азаматтарын да тап басып тани алады.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...