ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ҚАР ҚҰРСАУЫНАН 26 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

17:44, 20 қаңтар 2022

Түркістан облысында қар құрсауында қалған 26 адам құтқарылды. Кешегі қарлы боран кезінде 112 құтқару қызметіне Созақ ауданы Шолаққорған ауылынан 70 шақырым жерде "Ұланбел-Созақ-екпінді" облыстық маңызы бар автожолының бойында жолаушылары бар 13 жүк және 9 жеңіл автомобиль қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен..

ТЖ орнына келген құтқарушылар мен полиция қызметкерлері 13 жүк және 9 жеңіл автокөлікті сүйреп шығарып, оның ішінде 26 адам, 1 бала құтқарылып, Шолаққорған ауылына жеткізді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет етілмеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар Департаментінен 10 қызметкер 1 бірлік техникасы, Түркістан облысы полиция департаментінен 8 қызметкер 2 бірлік техникасы жұмылдырылды. Естеріңізге сала кетейік кеше түнгі сағат 00-20 - 04-30 аралығында Созақ ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты 577 км-642 км ШҚ-2 "Ұланбел-Созақ-екпінді"облыстық маңызы бар автожолы жабылған болатын. Боран басылысымен жолдар қардан тазаланып, Түркістан облысының Созақ, Бәйдібек аудандарында облыстық маңызы бар барлық жол учаскесінде  жол  қозғалысы ашық. Дей тұрғанмен Түркістан облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруіне  байланысты Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріп, қажетті сақтық шараларын сақтауға шақырады.

 

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...