ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ҚАРАБАСТАУ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

13:07, 26 қазан 2021

Шымкент қаласындағы Қарабастау тұрғын алабының Жаңақұрылыс аймағы сапалы электрмен қамтылды. Ондағы құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылдың қараша айында қала әкімінің тікелей қадағалауымен басталған болатын. Мердігер мекеме «Ынтымақ Бес-Арыс» ЖШС-і тұрғын алапта қуаттылығы 700-ден астам абонентке арналған 26 шақырым электр желісін жүргізді. Бүгінде «Оңтүстік Жарық Транзит» тарапынан есеп-шот ашу жұмысын аяқтап, тұрғындар сапалы электр жарығына қол жеткізіп отыр.

Айман Сарманованың Қарабастау тұрғын алабы аумағындағы жаңа құрылысқа көшіп келгеніне 3 айға жуықтапты. Алғашында көршінің жарығына ортақтасып жүрген жас жанұя, электр қуатының күші тым төмендеп кеткен соң құрылысқа ғана қолдануды жөн санадық, дейді. Бар тірлігін күн жарықта бітіруге тырысатын жас ана, кешкі уақытта шам жағып жан бағып келген.

Айман Ермек  - Қарабастау тұрғын алабының тұрғыны

Қарабастаудың жаңа құрылысын мекендеген ағайын осы уақытқа дейін жекенің трансформаторына телміріп келген. Жарықтың бағасына сапасы мүлдем сай келмейтін еді, дейді тұрғындар. Енді міне мемлекеттің электр қуатыда келіп жетті.  Мұндағы  құрылыс былтырғы жылдың қараша айында басталған болатын. Нәтижесінде, 700 жуық үй қамтылады деп жоспарланған. 

Ғаламат Батырбеков – «Ынтымақ бес арыс» ЖШС өкілі

Қала шетіне қоныстанған ағайынды жарық мәселесінен бөлек ауыз су, көгілдір отынның да жайы қинап келеді. Бұл проблемалардың шешу жолын қарастырып жатырмыз, деген биліктегілер таза судың жобалық сметалық құжаттарын жасатып жатқанын жеткізді.

Сейдулла Ибишов – Еңбекші аудан әкімдігінің халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы

Жаңа құрылысқа жеткен сапалы жарық шалғайдағы елдімекеннің бос жатқан жерлеріне де есептелген.  Жалпы, Еңбекші ауданы бойынша дәл қазіргі таңда 95,2 пайыз мемлекеттік электр энергиясымен қамтылған. Аудандағы құрылысы жүріп жатқан 3- елді мекендердегі жұмыстар аяқталса нәтиже 98,8 пайызға жетеді деп жоспарлануда. Ал, қалғаны келер жылдың еншісіне қалдырылып отыр екен.  

 

Г.Асқарқызы                              

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...