ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ҚАЛАЙ САҚТАЛУДА?

14:25, 19 қаңтар 2021

Шымкентте карантин талаптары мүлде сақталып жатқан жоқ. Тіпті жұрт қарапайым маска тағуды қойған. Тамақтану орындарын айтпағанның өзінде көше мен автобус ішінде қауіпсіздік сақталмайды. Сақтық шараларын ұстанбасақ қала қызыл аймаққа еніп кетуі әбден мүмкін, дейді санитар мамандар. Мобилді топ өкілдері қала көшелерін аралап, көпшілікке карантин талаптарын сақтап жүруге шақырды.

Арнайы құрылғанмобильді топ  ең алдымен сұлулық салондарымен азық-түлік дүкендерінтексерді. Жұмысшылар бетперде мен үнемі қолдарына қолғап киіп жүру керектігін ескертті. Бұл жалпыға ортақ қатаң тәртіп. Мобилді топ өкілдері тұғындарға сақтық шараларын көбірек ескертті. Өткен жылы 480 карантин талаптарын бұзушылық аныталып, 38 млн теңге айыпбұл салынды. Ал биыл қаңтар айынан бастап 19 құқық бұзушылық дерегі тіркеліп, 1млн 662 мың теңге өндірілген,- дейді жауаптылар.
 

Шарбат Айботаева – Шымкент қаласы Абай ауданының санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы

Қазіргі таңда карантин режимдерін сақталуына байланысты мобильді топ жұмыс жасауда. Өткен жылы 480 карантин талаптарын бұзушылық аныталып, 38 млн теңге айыпбұл салынды. Ал биыл қаңтар айынан бастап 19 құқық бұзушылық дерегі тіркеліп, 1млн 662 мың теңге өндірілген.

 

Түсіру тобымыз мобильді топ өкілдерімен бірге халық көп шоғырланатын қаланың орталығындағы Республика даңғылын аралап шықтық. Көшеде жүрген көпшіліктің басым бөлімі бетперде тақпайды.сауда орындарында да карантиндік талаптардың орындалып жатқаны шамалы. Ескертеуге немқұрайлы қарағандары да бар. 

 

Мамандардың ескертуіне қырын қарап кеткендері да бар. Дегенмен санитар мамандар әлемдегі қазіргі ахуалға қарап, арқаны кеңге салуға болмайды,деп отыр. Өйткені дерт кей елдерде қайта көбейе бастаған.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...