ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ҚАРАТАУДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

13:22, 7 маусым 2021

Қаратауда инфрақұрылым жүйесі жанданып жатыр. Бұл жөнінде аудан әкімі Абзал Әліқұлов аудан аумағында ағымдағы жылдың бес айында атқарылған жұмыстар жөнінде брифинг өткізді. Аудан басшысы баспасөз отырыс барысында мұнан өзге коммуналдық-шаруашылық, әлеуметтік саладағы жұмыстар мен өзекті мәселелергеде кеңінен тоқталып өтті.

Қаратау ауданы бойынша 47 202 жеке тұрғын үй болса, бүгінгі таңда оның  77% тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтылған. Ал, 5 937 тұрғын үй - тіршілік нәрін кесте бойынша тұтынып отырса, қалған 5 мыңға жуық үй тасымал суын пайдалануда. Биыл бұл көрсеткіштерді біршама төмендетеміз, дейді аудан басшысы.

Абзал Әліқұлов – Қаратау ауданының әкімі

Құрылғанына небәрі 6 жылға жуықтаған жас ауданның  бүгінгі таңда 78,8% сапалы жарықпен, ал 73,7% табиғи газбен қамтылған. Биыл аудандағы 3 шағынауданда жүріп жатқан газ құбырларын тарту жұмыстары аяқталса, бұл көрсеткіш - 85 % құрайды деп жоспарлануда. Айта кетейік, аталмыш ауданда магистралды газ құбырының құрылысыда қатар жүруде.

Абзал Әліқұлов – Қаратау ауданының әкімі

Соңғы кезде аталмыш аудан тұрғындарының тарапынан жиі қозғалып жүрген  қоқыс мәселесіде брифинг барысында сөз болды. Аудан әкімі әзірге тұрмыстық қалдықтарды алып кетіп жүрген екі бірдей мекеменіңде жұмысын тоқтату туралы соттың қаулысы шыққанын мәлімдеді. Дегенмен, жұмысшылар қоқыс қалдықтарын жинауға уақытша атсалысуда екен. Бұл мәселе жіті назарымда деп, Абзал Шымкентбайұлы баспасөз отырысындағы сөзін түйді. Бүгінде қала халқы тікелей базынасын жеткізіп жүрген «I-KOMEK» орталығына Қаратау ауданы бойынша 527 өтініш түсіпті. Оның  479-ының көпке ұзамай шешімі табылса, 48 өтініш қазіргі таңда қаралу үсітінде екен. 

 

Г.Асқарқызы                              

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...