ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ҚАРТТАРЫМ АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

13:58, 21 қаңтар 2022

Шымкентте“Қарттарым асыл қазынам” атты ерекше қайырымдылық шарасы өтті. Ерекшелігі сол жастар қарттар үйіндегі қамкөңіл жандарға қажетті дәрі-дәрмектерін алып берді. Тіпті қарияларға арнап арнайы көнцерттік бағдарлама да ұйымдастырды. №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында өткен шараға Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының өкілдері мұрындық болды

Тәрбиелік мәні зор шараның негізгі мақсаты - қарияларға құрмет көрсету арқылы кейінгі жас ұрпақты мейірімділікке баулу болып табылады. Аталмыш шараның демеушісі – жас кәсіпкер Райымбек Нұрман.Ол қарияларға қажетті түрлі деңгейдегі дәрі-дәрмектің тізімін алып, демеушілік танытты. Бұндай шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылып, жалғасын табатын болады дейді,- Балкерім Бауыржанқызы.

Балкерім Бауыржанқызы – Еңбекші аудандық “Жастар орталығы” басшысының міндетін атқарушыІс-шараның мақсаты – жастардың патриоттық сезімін ояту, ата-ананы сыйлау, үлкенді құрметтеуге тәрбиелу болып табылады.

№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы комуналдық мемлекеттік мекемесінде 163 қаттар мен мүгедектер бар. Олардың 73 жарымжан жандар болса, қалған 90 зейнеткерлер. Қариялар мекемедегі жағдай мен күтімге көңілдері толатындығын жеткізді. Тамақтары тоқ, ұйқылары тыныш екендігін айтады. Күн сайын медицина қызметкерлерінің қарауында. Бүгінгі таңда қарттар үйі заманауи жаттығу құралдарымен қамтылған, арнайы психология кабинеті де бар. Мұның барлығы қарттар мен мүгедек жандардың жайлылығы үшін жасалған дейді,- Ербол Қарамырзаев.

Ербол Қарамырзаев – №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директор орынбасары  №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы комуналдық мемлекеттік мекемесінде 163 қаттар мен мүгедектер бар. Олардың 73 жарымжан жандар болса, қалған 90 зейнеткерлер.Бүгінгі таңда қарттар үйі заманауи жаттығу құралдарымен қамтылған, арнайы психология кабинеті де бар. Мұның барлығы қарттар мен мүгедек жандардың жайлылығы үшін жасалған.

Зәуре Есенбекова – зейнеткерЖастарға рахмет. Бақытты болсын. Мемеде барлық жағдай жасалған. Концерттік бағдарлама да көілімізден шықты.

Айта кетейік, шара соңында танымал әншілер өз өнерлерін көсертіп, қарияларға керемет көңіл-күй сыйлады. Жанына жақын адамдарды бағалап, қадірлеуге шақырды.

 

НазкенСкандар             

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...