ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ҚАРТЫ БАР ЕЛ - ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ

15:43, 7 қазан 2021

Қарттар күні мерекесі Созақта кең көлемде атап өтілді. Іс-шаралар легі қариялар арасындағы шахмат жарысынан бастау алды. Ардагерлер Үйінде өткен интеллектуалды сайысқа барлық ауылдық округтер мен кенттерден 27 ардагер қатысты. Жүлдегерлер арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Бұл күні аудандық Ардагерлер Ұйымының кезектен тыс пленумы ұйымдастырылды. Пленум Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің негізі» Жолдауына арналды. Созақ аудандық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы арнайы баяндама жасап, Президент Жолдауын егжей-тегжейлі түсіндірді. Қариялар өзара пікір алмасып, ұтымды ұсыныстары мен мағыналы ойларын ортаға салды.

Қабылбек Еспенбетов - Созақ ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы

Іс-шаралар легі ардагерлерге арналған салтанатты жиынға ұласты. Қарияларға ақ дастархан жайылып, мерекелік лебіздер арналды. Созақ ауданының әкімі Салыхан Сабырұлы Полатов сөз алып, Қарттар күнімен құттықтады. Өз сөзінде қариялардың қоғамды ұйыстырудағы, елдің ынтымағы мен бірлігін нығайтуға алар орны ерекше екендігін атап өтті.

Салыхан Полатов - Созақ ауданының әкімі

Мерекелік кеште Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық тәрбие мен патриотизм идеяларын сіңіріп жүрген қарияларды марапаттады. «Мыңжылқы» мәдениет үйінің өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, қарияларға эстетикалық ләззат сыйлады.

 

Ә. Дәулетбекқызы                                                                                

Тақырып бойынша материалдар

БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:23, 26 қараша 2021
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ...
Толығырақ...
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
20:19, 26 қараша 2021
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
20:14, 26 қараша 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

13:05, 22 қараша 2021
ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ «ONTUSTIK» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТІМЕН ЖҮЗ...
Толығырақ...
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
17:29, 22 қараша 2021
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
Толығырақ...
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
17:38, 24 қараша 2021
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
Толығырақ...