
Шымкентте қару қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 3 ақпаны мен 2 наурызы аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шара барысында қаруды сақтау мен тіркеуді бұзғаны үшін 89 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тіркелген 6282 қару иесінің 1861-і тексеріліп, қаруды сақтау мен тіркеуді бұзғаны үшін 89 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Абай ауданы бойынша 407 қару иесі тексеріліп, оның ішінде 22 азамат жауапкершілікке тартылды. Әл-Фараби ауданы бойынша 419 қару иесі тексеріліп, оның ішінде 24 тұлға жауапкершілікке тартылды. Еңбекші ауданы бойынша 420 қару иесі тексеріліп, оның ішінде 19 азамат жауапкершілікке тартылды. Қаратау ауданы бойынша 390 қару иесі тексеріліп, оның ішінде 23 тұлға жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшыларының айтуынша тұрғылықты жерін ауыстырған кезде қару иесі бұл туралы аумақтық ішкі істер органына 10 күн мерзімде хабарлауға міндетті. Осы ережелерді сақтамаған жағдайда Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 486-бабына сәйкес 43755 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, дейді құзырлы орган өкілдері.
Ерғали Сүлейменов - Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының бастығы