ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН ҚҰЛАН ТАЗА АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ

14:59, 26 ақпан 2021

Жас талғамайтын аурудың түріне айналып бара жатқан, қатерлі ісіктен құлан таза айығуға болады. Ол үшін жоспарлы тексерістен өтіп, дәрігердің айтқандарын бұлжытпай, өз уақтысында орындау қажет. Онкологтар аты жаман аурудың сатысы неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым мүмкіндіктерде көп, дейді.

Онкология саласында 30 жылдық тәжірибесі бар Рита Асабаеваны соңғы жылдардағы көрсеткіш қатты алаңдатып отыр. Бұл салаға алғаш келген жылдары көбінде егде жастағы адамдарда кездесетін қатерлі ісік, кейінгі жылдары кәмелетке толмаған жасөспірімдерденде анықталып  жатыр, дейді сала маманы. Тіпті, бұл кесел аяғы ауыр келіншектердің арасында да кездесуде екен. Өткен жылы қала аумағында 82 адамнан аты қатерлі ісіктің белгілері байқалып, тіркеуге алыныпты. Олардың арасында сүт безі сондай-ақ, жатыр мойнының қатерлі ісігі мен өкпе қатерлі ісігінің көрсеткіші көңіл көншітпей тұр.

РИТА АСАБАЕВА – ОНКОЛОГ-ГИНЕКОЛОГ ДӘРІГЕР

Аты жаман ауру алғашқы сатыларында анықталса, науқастың құлан таза айығып кетуіне мүмкіндік мол, дейді дәрігерлер. Ол үшін 30 жасқа жеткен әрбір әйел, әр бес жылда жоспарлы тексерістен өтуі қажет. Көбінде, нәзік жандыларымыз немқұрайлылықтың салдарынан сан соғып қалып жатады екен. Ауруын асқындырып келген науқасқа көмек қолымызды барынша созуға тырысқанымызбен, кейде кеш қалып жататындығымыз жасырын емес, дейді ақ халаттылар. Осы орайда, маман кеңесіне құлақ түретін болсақ аурудың қай түрі кездесседе, науқас үрейге бой алдырмай сабырлық сақтағаны жөн. Орынсыз даурығудың салдары, науқастың психикасына кері әсерін тигізумен қатар, дерттің дендеуіне әкеліп соқтырады екен.  

Рита Асабаева – онколог-гинеколог дәрігер

Онколгтардың айтуынша, аурудың асқынып жастар арасында жиі кездесуі көп жағдайда салауатты өмір салтын сақтамаудың салдарынан. Сонымен қатар, дұрыс тамақтанбау, темекі өнімдерін тұтынуда аталған кеселдің кеңінен таралуына әсер етуде. Әсіресе, өкпе қатерлі ісібіне бірден бір себепші болатын табак өнімдері, жатыр мойнының қатерлі ісігін тудыратын қасиетке де ие екендігі ғылыми тұрғыда дәлелденген.  Медицина мамандары аты жаман ауруды ауыздықтау үшін ас мәзіріне мән беріп, спортқа ден қоюға шақырады.

 

Г.Асқарқызы                              

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 13 сәуір 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖАН
18:33, 13 сәуір 2021
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОНКҮНДІК  ШАРАЛАР  ЖЫЛДАРДЫҢ  ЖҮГІН  КӨТЕРУДЕ
14:57, 12 сәуір 2021
ОНКҮНДІК ШАРАЛАР ЖЫЛДАРДЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРУДЕ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
16:40, 9 сәуір 2021
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...