ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

17:00, 9 сәуір 2021

Жағымды жаңалық! Шымкентте Әл-Фараби кітапханасында Тойым Жүнісовтың «Айтқандарым аманаттарым» атты кітабының тұсауы кесілді. Оған зиялы қауым өкілдерімен қоғам қайраткерлері қатысты. Айта кетейік жаңа туынды 4 бөлімнен тұрады. Аталған кітапты автор 30 жыл бойы жазған.

Тойым Жүнісов 1938 жылы Шардара ауданында дүниеге келген. Жастайын зерек, еңбекке қабілетті болған ақсақал инжер мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын Көкшетау  облысындағы «Шошқалы» кеңшарында аға механик болып бастаған.  Лауазымды қызметтерді тайсалмай атқарған. Бүгінде көпке өнеге-үлгі беретін 83 жастағы қария кітап жазып, болашақ ұрпаққа құнды дүние қалдырып отыр.

Тойым Жүнісов - «Айтқандарым аманаттарым» атты кітаптың авторы

Өмірден алынған жинақталған білім, үйренген нәрселеріміз, жинақтаған тәжірибелеріміз жазылған. 02:27... Тақырыптардыңбарлығы кезінде жергілікті облыстық республикалық шығатын газеттерде басылған мақалалар. Соңғы 30 жылдан бері жазылған мақалалар.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында шыққан туындыны автор 30 жыл бойы жинақтаған. Аталған кітап 4 бөлімнен тұрады. Біріншісі Тәуелсіздікке бағытталған болса, екінші бөлімде өмір туралы ойлар деп аталады. Ал, үшінші және төртінші бөлімдерінде адами қарым-қатынастар мен өлең жинақтарға арналған.

Әбілқасым Досболов – Қоғам қайраткері

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына мынандай керемет кітап жазып отырғаны өткен совет үкіметі кезде қандай еді, қазір қандай деген сияқты. Бұл кісі нағыз қоғаммен айналысатын. Зейнеткер болған соң барлық аудан әкімдерге көмектесіп елді ынтамақтастыққа шақырып жүр. Жастарды тәрбиелеуде өзінің үлесін қосып келе жатқан үлкен азамат.

Жаңа кітаптың тұсауын кесу рәсіміне қаладағы зиялы қауым өкілдері жиналды. Олар абыз ақсақалға тілектерін жаудырып, осындай туындыны жарыққа шығарғанына алғыстарын жеткізді.

Кенжехан Төлебаев – Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары

Тікелей ол кісі менің наставнигім болды десем. Ол кісіден үйренгеніміз көп. Ол кісінің көпшілікке берер тәжірибесі көп. Сол сбеепті мына кітаптың ішінде өмір жолындағықиындықтарында көрсете білді.

Алқалы жиында зиялы қауым өкілдері жазушыға сый-сияпаттарын табыстап, тілектерін білдірді. Осылайша жаңа кітаптың тұсауы кесіліп, кітапсүйер қауымға таратылды. Қазіргі таңда кітаптың 500 данасы шыққан. Алдағы уақытта кітапсүйер қауымнан сұранын болса, тираж санын көбейту жоспарда бар. Сондай бұл құнды туындыны қаладағы кітапханалардан оқуға болады.

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...