ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

«ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ АЛҒЫС» МЕМОРИАЛДЫ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

17:00, 10 маусым 2021

Арыс қаласында осыдан екі жыл алдын орын алған жарылыстың зардабын жоюға атсалысқандар құрметіне орай мемориалды тақта орнатылды. «Қазақ Еліне Алғыс» деп аталатын ешкерткіш темір жол вокзалының алдында еңсе тіктеді. 2019 жылғы 24 маусымда орын алған жарылыстың зардабын жоюға қатысқандар ерлігін еске түсіретін тақтаның ашылуына қала әкімімен зиялы қауым өкілдері қатысты.

2019 жылғы 24 маусым Арыс халқы үшін азалы күн болды. Күтпеген жерден әскери қоймадан шыққан өрт жарылысқа ұласты. Содан бері екі жыл өтсе де, қорқыныш картинасы тұрғындардың әлі көз алдында. Алайда үй-жай, мал-мүлкінен айрылған арыстықтарға еліміздің барлық аймағы қол ұшын созды. Бүгінгі алғыс айту мемориалы сол жарылыстың зардабын жоюға қатысқан жандардың құрметіне қойылып отыр.

Гүлжан Құрманбекова – Арыс қаласының әкімі

Аталған мемориалды тақтаның авторы – суретші Мүтәліп Күздеубаев. Ал тақтайшада жазылған алғыс мәтінінің иесі жергілікті ақын Мыңжасар Дәрменов. Қос автордың айтуынша,ескерткіштақтаны теміржол вокзалына орналастырудың да өзіндік себебі бар. Өйткені Арыс тоғыз жолдың торабында орналасқандық. Сондықтан қалаға келген қонақтар ең әуелі осы тақтайшаны көреді екен.

Әбілқасым Жарымбет – Арыс қаласының тұрғыны

Еске салсақ, жарылыстан зардап шеккен Арысты қайта қалпына келтіру үшін қала 17 секторға бөлінген болатын. Олардың әрқайсысы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарға бекітілген еді. Бүгінде жөндеу жұмыстары толығымен бітіп, 7866 жеке және 103 көпқабатты үй халық игілігіне берілген.

 

М. Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар