ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ АУЫР ҚАЗАҒА ҰШЫРАДЫ

14:06, 6 сәуір 2021

Қазақ поэзиясы орны толмас ауыр қазаға ұшырады. Белгілі ақын, тарихшы Әмзе Қалмырзаұлы мәңгілік мекеніне аттанды. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Мақтарал, Сарыағаш аудандарының құрметті азаматы 68-жасқа қараған шағында мезгілсіз дүниеден озды. Ақынның қаламынан төгілген отты жырлары оқырман жүрегін еріксіз баурап алатын. Өзі өлсе, де артында өшпес сөз қалдырған дарын иесі осыдан бір ай бұрын ғана біздің арнада қонақ болып, жаңа кітабынының тұсауын кесіп еді...

Әмзе Қалмырзаұлы 1953 жылы 1 қаңтарда  Сарыағаш ауданында туған. Шымкент педагогика институтының филология факультетін бітіріп, еңбек жолын Сарыағаш аудандық «Қызыл ту» газетінде тілші болып бастады. Талай қабырғалы басылымдарда елдік мәселелерді көтеріп, бұқара бұйымтайын билікке жеткізді.

Захардин Қыстаубаев - Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі

Оның өлеңдерінен өзіне тән өр мінезі, өршіл рухы, адам жанына терең  үңіліп, соны таңғаларлықтай шеберлікпен аша білетін қуатты талант тегеуріні айқын сезіліп тұратын. Сондықтан да, ақиық ақынды, тамаша журналист және көрнекті қайраткер ретінде елі ерекше қадірледі.

Әмзе Қалмырзаұлы – ақын-тарихшы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі

Жыр маржанын терген ақын Хамза Көктәнді деген есіммен оқырманына етене танылды. Оның соңында өлмес сөзі қалды, әлі талай ұрпақ жатқа айтар жыры қалды. «Жүрген соң бауырында күнде көріп, таулардың биіктігі байқалмайды». Саналы ғұмырында қуатты қалам иесінің  «Күн саңы», «Арман қуып адассам, кешір мені...», «Адуын ағыстар», «Құбылыс» атты жеке жыр жинақтары, «Мен сені көргелі», «Кереметнама», «Он екі таным», «Туысқан», «Теберік дүние», «Ойдың күші», «Өмірдің он сегіз жылы», «Аспан мен даланың төрт ұмытылған тарихы» атты кітаптары жарық көрген. Халық арасында кеңінен танылған оннан аса әннің мәтінін жазған. Оның әсіресе, «Қуанышым қазынам», «Әттең-ай, әттең, жүрегім жалғыз» сынды әуенді өлеңдері ел аузында. Өмірден талантымен, дүниетанымымен, қайталанбайтын өршіл мінезімен өлеңді өлшеусіз биікке көтерген ақынның жары мен балалары, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

 

Г. Қалмырзақызы                                 

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...