ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚАРА НАРЫ-80 ЖАСТА!

17:14, 8 сәуір 2021

Биыл қазақ журналистикасының қара нары, өңір баспасөзінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан "Қазақстанның Құрметті журналисі" Байдулла Қонысбек –80 жаста. Осыған орай облыс орталығында салтанатты жиын болып өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары мен Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарымен Шымкент қаласының журналистері мен жазушылары қатысты. Онда мерейтой иесінің еткен еңбектері айтылып, жеткен жетістіктері сөз болды.

Оңтүстік журналистикасы туралы сөз қозғағанда бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан Байдулла Қонысбек жайлы айтпау мүмкін емес. Өйткені, өңірдегі осы саланың қалыптасуына оның қосқан үлесі орасан. Атап айтқанда Байекең осындағы қос бірдей  қарашаңырақтың қалыптасуына тер төккен азамат. Мәселен, өңірдің жылнамасына айналған «Оңтүстік Қазақстан» газетінде тілшіліктен бастап жауапты хатшы, кейін бас редактор болып еңбек етсе, «Оңтүстік» телеарнасының құрылуына ықпал етті. Осы еңбектері бүгінгі салтанатты шара кезінде де ескерілді. Мерей той иесін облыс әкімінің құттықтау хаты табысталды.Сәкен Қалқаманов – Түркістан облысы әкімінің орынбасары

Журналистикада ғана емес, халық қалаулысы ретінде де ел үшін атқарған еңбектеріңіз көпке үлгі болып келеді. Әлемді жайлаған пандемияға қарамастан, сіздің мерейтойыңызға алыс-жақыннан әріптестеріңіз, замандастарыңыз келіп отыр. Бұл – елдің, зиялы қауымның сізге деген ерекше құрметі деп білемін» деп облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев

Шындығында мерей той иесі тек журналистика саласында ғана емес өңірдің экономикалық және әлеуметтік жағынан әлденуіне де айтарлықтай үлес қосқан азамат. Өйткені, журналистика жолында жүріп Байдулла Қонысбек талай түйіткілдің шешіліуіне ат салысқан. Ал, жазушылық бағытында еткен еңбегі де еселі. Себебі, 80-жасқа толып отырған журналистің бүгінге дейін өңір тарихына және ақпарат саласына қатысты 9 кітабы жарық көрді.

Мархабат Байғұт -  Халықаралық «Алаш» әдеби  және «Түркі әлеміне қызмет» сыйлықтарының лауреаты

02:00 бұл кісі журналистердің Төбе биі. Мына жазғандары бар, 9 кітабы бар. газетте жазғандары одан кейін суреттің асындағы текстері макет сызғаны бар. бұл кісінің қаламының сызғанын есептесек экскаваторды 2 айналады деп әзілдеймін. Ол шындық.

Мерейтойға арналған шара марапатсыз болмады. Жергілікті билік өкілдері Құрметті журнлаисттің иығына шапан жауып алғыс білдірді. Сонымен қатар мерейтойлық шаралардың алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

 

М. Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 13 сәуір 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖАН
18:33, 13 сәуір 2021
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОНКҮНДІК  ШАРАЛАР  ЖЫЛДАРДЫҢ  ЖҮГІН  КӨТЕРУДЕ
14:57, 12 сәуір 2021
ОНКҮНДІК ШАРАЛАР ЖЫЛДАРДЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРУДЕ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
16:40, 9 сәуір 2021
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...