
Түркістанда үкімет басшыларының қатысуымен «Трансшекаралық ынтымақтастық жаңа өсу нүктелері ретінде» атты Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың ІІІ форумы басталды. Екі елдің премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды деп күтілуде.
Форумның бірінші күні аясында екі елдің іскер топ өкілдерінің кездесулері өтті. Қазірдің өзінде 40-тан астам «бизнестен бизнеске» форматында басқосулар болды. Келіссөздер нәтижесінде жасалған келісім-шарттардың жалпы сомасы 200 миллион доллардан асты. Өзбекстандық өкілдер қазақ-өзбек елдері арасындағы туризм саласында да мүміндік басым екендігіне сенім білдіруде.
Абдулазиз Аққұлов – Өзбекстан Республикасының туризм және спорт министрі
ҚР Сауда және Интеграция министрлігінің мәліметінше, 2021 жылдың 9 айында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2 886,9 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес деңгейінен 28,5%-ға жоғары. Оның ішінде 2 098,2 млн. АҚШ доллары – Қазақстаннан тауар экспорты, өсім 30,1% пайызды құрайды.
Адхам Икрамов – Өзбекстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы
Айтып өтейік, Қазақстанның Өзбекстанға экспортының негізгі өнімдері: легирленбеген болаттан жасалған жартылай фабрикаттар, легирленбеген болаттан жасалған жалпақ прокат, автомобильдер, мыс концентраттары, ауыл шаруашылығы өнімдері. Ал, Өзбекстаннан келетін негізгі импорт – жеміс-жидектер, кірпіш пен құрылыс материалдары, керамика, этилен полимерлер болып табылады.
Перизат Ортай