ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІРІ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ХАБ ІСКЕ ҚОСЫЛЫП ЖАТЫР

13:20, 22 қараша 2021

Түркістан облысының дихандары 2021 жылды толағай жетістіктермен қорытындыламақ. Енді өңірдегі табиғи таза өнімді тұтынушыға тікелей жеткізіп, бір нүктеден сату бойынша «Эко Базар» нысаны іске қосылып жатыр. Осы еліміздегі ірі логистикалық хаб алаңында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 4%-бен несие беретін «Yassy Business» бағдарламасы да іске қосылды.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» өткен брифингте ауыл шаруашылығы саласындағы тың жобалармен бөлісті. Жыл басынан бері 805,3 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 128,7 млрд. теңгеге артты. Ауыл шаруашылығы дақылдары 842,4 мың га егілген.

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

3 МЫҢ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

Сондай-ақ, облыс басшысы өңірдегі тұрғын үй саласына да тоқталды.  Биыл бюджет есебінен Түркістан қаласында 42 тұрғын үй құрылысын тапсыру жоспарлануда. Нәтижесінде 3 мыңға жуық пәтер беріледі. Оның ішінде 600-дей көп балалы, аз қамтамасыз етілген және әлеуметтік осал отбасылар баспанамен қамтылады.

 

Перизат Ортай                                          

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...