ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ ОТЫРАРДАН БАСТАЛДЫ

15:32, 8 сәуір 2021

Биыл Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл. Даңқты палуанның мерейтойына орай Түркістан облысында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі - күш атасына арналған қазақ күресінен облыстық жарыс. Жасөспірімдер арасындағы ашық турнир балуанның туған жері Отырар ауданында өтті.

Екі күнге созылған облыстық турнирге Түркістан облысының аудан-қалаларынан бөлек, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан және Шымкент қаласынан жас балуандар қатысты. Барлығы 300-ге жуық спортшы 10 түрлі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, өз өңірлерінің намысын қорғады.

Күш атасы саналған даңқты жерлесіміздің өмірі жайында арнайы композициялық қойылым шараның әлқиссасына айналды. Сайысының ашылуында аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов құттықтау сөз сөйлеп, үміткерлерге сәттілік тіледі.

Әбдіғали Жүнісов – Отырар ауданының әкімі

«Қазақ елінің мақтанышы, алып күш иесі, теңдесі жоқ кәсіпқой палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлы күрес өнерінің бірнеше түрін жетік меңгеріп, әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ десек қателеспейміз.

Тарихта есімі алтын әріппен жазылған ұлы тұлғаларды дәріптеу -сабақтастықты жалғастырудың дәстүрлі жолы. Байрақты бәсеке екі күнге созылмақ. Бабы келіскен мықтылар боз кілемге шығып, жарысқа тың дайындқыпен келгендерін көрсетті.

 

Г. Қалмырзақызы                                                   

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 13 сәуір 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖАН
18:33, 13 сәуір 2021
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОНКҮНДІК  ШАРАЛАР  ЖЫЛДАРДЫҢ  ЖҮГІН  КӨТЕРУДЕ
14:57, 12 сәуір 2021
ОНКҮНДІК ШАРАЛАР ЖЫЛДАРДЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРУДЕ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
16:40, 9 сәуір 2021
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...