ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІК ҚАРҚЫН АЛҒАН

20:10, 27 қараша 2020

Қазығұртта ауылшаруашылығы жақсы дамыған аудан. Дегенмен таулы өңірде Шағын және орта бизнес жетекші орында. Өнеркәсіп те жанданып келеді. Аудан әкімі Төлеген Телғараевтың 10 айдың қорытындысы бойынша өткізген брифингінде жеткен жетістіктер сараланды.

Қазығұрт ауданы өнеркәсіпті өркендету барысына күш салуда. Өткен жылодың осы кезеңімен салыстырғанда 105 пайыз өсім бар. Ауданға тартылған инвестиция көлемі 12 млрд 579 млн теңгені құрады. Нәтижесінде жаңа өндіріс пен  жаңа жұмыс орындары арта түсті.

Төлеген Телғараев- Қазығұрт ауданының әкімі

10,86 гектар жерге құны 7,3 млрд теңгелік 193 жұмыс орынын құрайтын 5 жоба жүзеге асып жатыр. Биылғы жылы Асыл бастау ЖШС құны 200 млн теңгені құрайтын ауыз су өндіру цехы іске қосылды.

Біз Қазығұрт ауданын ауылшаруашылығы дамыған аймақ ретінде танимыз. Биыл бұл аудан облысымызда ауылшуаршылығы бойынша бірінші орынды иеленді. Дегенмен Қазығұртта шағын және орта бизнестің үлесі аграрлық саладан жоғары. Ауылшаруашылығын аудан экономикасындағы үлесі 35 пайыз болса, шағын және орта кәсіптің үлесі 53 пайыз.

Төлеген Телғараев- Қазығұрт ауданының әкімі

2020 жылдың 10 айында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 9234 бірлікті құрады. Осы бағытта ауданымызда 12670 адам жұмыспен қамтылып олардың өндлірген өнім көлемсі 59 млрд 500 млн теңге болып өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,1 пайызды құрады.

КСМ: Қазығұртта  инфрақұрылым тарту жұмыстары да жүйелі түрде жүзеге асуда. Бүгінде аудан халқы ауыз сумен 94 пайыз, газбен 95 пайыз қамтылған.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛАДАҒЫ ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ ДЕҢГЕЙГЕ КЕЛТІРІЛДІ
17:22, 22 қаңтар 2021
ҚАЛАДАҒЫ ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ ДЕҢГЕЙГЕ КЕЛТІРІЛДІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АҚ ТҮТЕК БОРАННЫҢ САЛДАРЫНАН ЖОЛДА ҚАЛҒАН АЗАМАТТАРҒА КӨМЕКТЕСУДЕ
17:21, 22 қаңтар 2021
ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АҚ ТҮТЕК БОРАННЫҢ САЛДАРЫНАН ЖОЛДА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ЖАНАР БЕКТАЕВА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:08, 21 қаңтар 2021
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІ...
Толығырақ...