ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚТАР АНАЛАРДЫ АРДАҚТАДЫ

15:57, 5 наурыз 2021

«Асылын ардақ тұтқанның қашан да абыройы асады». Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында нәзік жандыларға сый - құрмет көрсетті. Бүгінде Қазығұртта ғасырдан ұзақ жасаған сегіз әжелер бар. Билік өкілдері кейуаналардың үйіне арнайы барып, ізгі тілектерін жеткізді.

Гүлзи Келесбаеваның жасы 103-ке қарады.  Саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған кейуана бүгінде   шөбересінен шөпшек сүйген.   Бар тілегі бақыты мен байлығына айналған перзенттерінің амандығы.   Мереке қарсаңында көңілі марқайған қария ақ батасын жаудырды.

Гүлзи Келеасбаева – Қазығұрт ауданының тұрғыны

Құрмет көрсету рәсімі бұдан кейін   ардагерлер үйінде жалғасты. 2013 құрылған ұйымның құрамында 65 мүше бар. Жұмыстары қоғамдық негізде, өте ауқымды. Іс жоспарына сәйкес өскелең ұрпаққа әдеп-ғұрып, салт-дәстүрімізді дәріптеп келеді. Аудан әкімі талай шаңырақтың отбасылық мәселелерін шешуде оң жол сілтеп, сақтап қалған еңбектерін ерекше екшеді.

Смайыл Бағила – Қазығұрт аудандық әжелер алқасының мүшесі

Салтанат Ыстыбаева – Қазығұрт аудандық мәслихаттың депутаты

Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.  Адамзат баласына әлемнің жарық нұрын сыйлап, әрбір шаңырақтың шырайын кіргізген аналарға құрмет жыл бойы жалғасады.  

 

Д.Өмірзақова                                                                             

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...