ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

«КЕМЕҢГЕРЛІК, АДАМДЫҚТЫҢ ДӘНІН СЕПКЕН-ҰЛЫ ҰСТАЗ»

13:03, 22 қараша 2021

«Кемеңгерлік, адамдықтың дәнін сепкен-ұлы ұстаз». Осындай атаумен Шымкент қаласы Ы. Алтынсарин атындағы № 65 мектеп-гимназиясында мерекелік есеп беру концерті өтті. Салтанатты шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, мектеп-гимназияның 30 жылдық туған күні және аталмыш білім ұясының басшысы қызметін 25 жылдан астам уақыт бойы үлкен абыроймен атқарған марқұм Кәдірбаева Қатира Қырғызбайқызының 60 жылдық мерейтойы күніне орай ұйымдастырылды.

Мерекелік кешке  Шымкент қаласы білім басқармасының басшылары, еңбек және қоғам қайраткерлері, мектеп-гимназияның құрметті демалысқа шыққан зейнеткер педагоктары мен қалалық мектептердің басшылары қатысты. Шара барысында аталмыш білім ұясының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан марқұм Кәдірбаева Қатира Қырғызбайқызы туралы естеліктер айтылды. 

Роза Әміреқызы – үлгілі ұстаз

Ы. Алтынсарин атындағы бұл мектеп - Тәуелсіздіктің құрдасы. 1991 жылы күрделі кезеңде пайдалануға берілген білім ошағының бүгінде 30 жылдық тарихы бар. Жеткен жетістіктері, бағындырған белестері ауыз толтырып айтарлықтай.

Марфуға Күнтаева – қазақ тілі пәні мұғалімі

Мерекелік есеп беру концертінде оқушылар ән мен жырдан шашу шашты. Айта кетейік, іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойында елжандылық, ұлтшылдық, Отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру, Ел тәуелсіздігінің қадір-қасиетін ұғындыру еді.

 

Ә. Дәулетбекқызы                                                                        

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...