
2018 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті Бес әлеуметтік бастамасын жариялаған болатын. Олардың бірі студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған. Осы міндетке қол жеткізу үшін жекеменшік сектордың кеңінен қатысуын көздейтін мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі әзірленді. Осы мақсатта Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында "Қаржы орталығы" АҚ өкілдері кәсіпкерлермен жүздесті.
"Қаржы орталығы" АҚ инвесторларды, жеке кәсіпкерлерді мемлекеттің қаржылай қолдауымен студенттік жатақханалар құрылысына қаржы салуға шақыруда.Осы ретте бұл процеске кезекті әлеуметті объектіні тұрғызу ретінде емес, табысты, тұрақты және перспективалы бизнес-жоба ретінде әлдеқайда ауқымды түрде қарауды ұсынады. Өйткені сол үшін барлық алғышарттар бар.
Алпамыс Сатыбалдин – ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры
Орысша бар П 5523 тк 00:34-01:11 Бүгінгі таңда Атамекен аясында еліміздің 5 әлеуметтік бастамасына 75 000 студентке жатақхана салынсын деген. Бұл тетікке сәйкес әр орынға қаржы төленеді.
Бұл жоба мемлекет пен жекеменшік сектордың әріптестігіне негізделген. Инвестор, оқу орны немесе кәсіпкер тұлғасындағы жекеменшік құрылыс салушы өз қаражаты есебінен объектіні іске қосуды жүзеге асырады. Объектіні іске қосу сәтті болған жағдайда мемлекет оған мақсатты мемлекеттік тапсырысты орналастырады. Қазіргі таңда бұл жобаның тиімділігіне көз жеткізген кәсіпкерлерде бар.
Ермахан Сәлменов - кәсіпкер
Енді базар салғаннан бәрібір осы елге қызмет қылған тиімді. Қазір мектеп жетіаспейді. Сондықтан бұл жоба мемлекеткеде тиімді.
Мемлекеттен төлемдер мерзімі аяқталғаннан кейін объект құрылыс салушының меншігінде қалады. 20 жыл мерзімге объектінің нысаналы мақсатын өзгертуге ауыртпалықты тіркеу бірден бір шарт болып табылады.
Іске асырылып жатқан жобалар аясында мемлекеттік тапсырысты орналастырумен қатар қосымша табыс көздері болады.