ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕР ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

16:58, 10 қаңтар 2022

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс компанияларының басшыларымен кездесті. Жиында компания басшылары зиян келтірілген нысандарды қайта қалыпқа келтіруге ерікті түрде көмек көрсету жөнінде ұсыныстарын білдірді. Қала әкімі осындай сын сағатта қала өмірі үшін алаңдап жатқан кәсіпкерлерге өзінің алғысын айтты.

Еліміз қиын кезеңді бастан өткеруде. Мемлекетішіне іріткі салып, тәуелсіздігімізді талқандамақ болды. Президентіміздің қабылдаған шұғыл шешімдерінің арқасында еліміз қайта қалыпты өміріне оралуда.  Өздеріңізге белгілі, лаңкестерден ауыр зардап көрген өңірлер қатарында Шымкент те бар. Бұзақылар әкімдіктен бастап әлеуметтік-мәдени нысандарды қиратты. Десек те, арандатушыларға ермей қаланы талқандауға қарсы шыққан шымкенттіктер де болды. Сіздердің де көмек көрсетейік деген ниеттеріңіз қуантарлық. Осылайша қиын кезеңді бірге жеңеміз деп сенемін, - деді Мұрат Әйтенов.

Еске сала өтсек, Шымкентте орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде Шымкент қаласы әкімінің аппараты,  «Көрме» орталығы толығымен өртке оранды. Сонымен қатар Түркістан сарайы, Ж.Шанин атындағы театр, Әл-Фараби атындағы кітапхана, Қаратау аудандық прокуратура, «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимараты және 10 кәсіпкерлік нысанға түрлі деңгейде зиян келді. Қала әкімі баяндағандай, қираған дүние-мүліктің шығын көлемі 10 күн ішінде есептеліп, арнайы комиссияға ұсынылады.

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...