ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

17:10, 23 ақпан 2021

Түркістан облысында кәсіпкерлікке кедергі барма? Бизнес және инвестиция қаншалықты қорғалуда? Осы мәселені ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті көтеріп отыр. Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Бизнесті және инвестицияны қорғау» мәжілісі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыру.  Кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға белсенді қатысуын қамтамасыз ету.        Жиында    отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалу керектігі айтылды.Сонымен қатар кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау  барысында пайда болатын проблемалық мәселелер талқыланды.

Мирас Қарғабай  - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті  басшысының бірінші орынбасары

Қазіргі карантин шектеу кезінде Каронавирус салдарынан бизнеске қысым күшейіп кетті.  44 жоба жүзеге асады.

Өткен жылы өңірде  15 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қалпына келтіріліп, шағын және орта кәсіпкерлік бизнесіне заңсыз араласудың 18 дерегі әшкереленген.  Сол арқылы  жергілікті атқарушы органдардан 10 лауазымды тұлға сот үкімімен сотты болған.

Мирас Қарғабай  - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті  басшысының бірінші орынбасары

 Мәселелер әртүрлі. Мысалы қарапайым ақпараттың жетіспеушіліген мәселе туындайды. Біз оны консультация беру арқылы шешеміз.

Түркістан облысында квазимемлекеттік сектордың барлық ұйымдарында комплаенс бөлімшелерін құру көзделуде.   Осылайша коммерциялық компаниялар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшеймек.  Бизнесті қорғау мәселелері еркін форматта талқыланған жиын соңында Түркістан облысындағы кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін өзекті проблемалық  мәселелер мен карантин режимінде сақталуы тиіс негізгі шектеулер ортаға салынып, өңірдегі кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

 

К. Дүйсенбі                          

Тақырып бойынша материалдар

ТУРИСТЕРДІ ТАҢ ҚАЛДЫРАТЫН НЫСАНДАР САЛЫНУДА
18:54, 2 наурыз 2021
ТУРИСТЕРДІ ТАҢ ҚАЛДЫРАТЫН НЫСАНДАР САЛЫНУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН ҚҰЛАН ТАЗА АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ
14:59, 26 ақпан 2021
ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН ҚҰЛАН ТАЗА АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ :  ҚАЗАҚ   ХАЛҚЫНА  МЫҢ  АЛҒЫС !
15:06, 26 ақпан 2021
ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ : ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА МЫҢ АЛҒЫС !
Толығырақ...