ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 100 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕЙ ШЫҒЫН КЕЛГЕН

14:20, 12 қаңтар 2022

Шымкентте 5-6 қаңтарда орын алған дүрбелең кезінде 200-ден астам жол жүру ережелерін бақылайтын бейне камералар қиратылған. Олардың барлығын толық қалпына келтіру үшін шамамен 1 айдай уақыт қажет. Бұл туралы журналистерге сұхбат берген қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді. Оның айтуынша осы уақытқа дейін сынған бақылау құрылғыларының жартысы орнатқан компания есебінен қалпына келтірілген. Қалғаны қазір техникалық сараптамадан өтуде.

Мына кадрлардағы оқиғалар Шымкенттің орталық көшелерінің бойында орын алған. Кадрлерден көріп тұрғандарыңыздай бір топ адам көше бойындағы бейнебақылау қондырғыларын еш себепсіз қиратып жатыр. Оның барлығы биікке орнатылған өзге бақылау құрылғыларына түскен.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша негізінен көше қиылыстарындағы жол жүру ережелерін бақылайтын камералар қиратылған. Оны сындыру үшін азаматтар Газел автокөлігі мен ағашқа өрмелеп шығып,  темір құрылғыларын пайдаланған. Ал кейбір кадрлерде азаматтардың камераны бағанасымен бірге құлатқысы келгені байқалады.   

Мақсұт Исахов -Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Біз айтып отырмызғой «әдейі дайындалған топ»- деп. Олар біледі қалай өшіру керек екенін камераларды. Шкафтарды сындырған содан кейін првоттарын кесіп кетуге тырысқан. 200-дің үстінде камера бұзылды. Қазіргі таңда сол компанияның складтарындағы керек-жарақтармен 100-дің үстіндегі камералар өзінің қалпына келтірілді.

Егер еске салатын болсақ өткен жылы шахарда 4 мыңға жуық бейнебақылау қондырғылары орнатылған еді. Ол үшін бюджеттен қыруар қаржы жұмсалды. Кешегі наразылық кезінде сол камералардың көмегімен қала толықтай бақылауда алынған. Осылай деген Мақсұт Пернебайұлы бүгінде қаладағы қоғамдық көліктің жүруі жайлы да сөз қозғады. Оның айтуынша қазір Шымкентте Студенттермен мектеп оқушыларының демалыста болуына байланысты кестедегі көлік саны 20-30 пайызға аз жүруде.

 

М Айтжанов            

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...