ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ШЕКТЕУ АЗАЙДЫ

15:13, 26 қаңтар 2022

Елімізде коронавирусқа қатысты бірқатар шектеулер жеңілдеді. Енді жасыл статуспен тойханада еркін жүре аласыз. Тіпті ашық қосымшасындағы бейтарап деген көк белгімен де көпшілік орындарда бола аласыз. Осыған дейін болған қандай шектеулер азайды?

Ашық жобасымен Түркістан облысында  5000-дай нысан жұмыс істейді.  Кәсіпкер келушілерді «ASHYQ» бойынша  тексеріп кіргізуі тиіс. Яғни қолданыстағы қаулы бойынша өңір «сары» аймақта болғандықтан  бірқатар шектеу шаралары ескерілуі керек. Енді тойханалардың да жұмысы қызатын болады. Жаңа қаулығы сәйкес, бұл ғимараттарға  «Қауіпсіз» статустағы азаматтарға рұқсат беріледі. 

 Зухра Амирова - Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары

жасыл мәртебемен тек қана  тойлар, форумдарға көрмелерге жабық жағдайда құдайға құлшылық ету бойынша, ойын клубтарына , театр, казино, кинотеатр, сауда ойын сайық орталықтары, фитнес клубтарға 100 шаршыметрден жоғары болмауы керек. Сауда орындарына 6 мың шаршы метр жоғары болмау керек.Моншаларға , сауналарға ешқандай шектеулер қойылмаған,  жасылмен кіруге мүмкіндік бар. Бірақ ашықты пайдалану керек.

Мұнан өзге бейтарап белгісімен бірқатар нысандардың жұмыс істеу тәртібі  жеңілдеді.   Енді уақытқа да шектеу жоқ.

Зухра Амирова - Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары

Қонақүйлер, теміржолдар, аэропорттар, ЦОН, банктер , казпочта, көпшілік тамақтану орындары, жабық базарлар, білім беру нысандары, колледждер, білім беру орталықтары, әсемдік салондары, облысаралық тұрақты және тұрақсыз жолаушылар тасымалдау қызметі болып саналады, егерде көк мәртебесі шықса да ол нысанға кіруге мүмкіндік бар.

Қазір Түркістан облысы Қазақстан бойынша сары аймақтағы жалғыз өңір. Сондықтан карантин талаптарын мейлінше қатаң сақтаған дұрыс.

Бахтыораз Елемесов- Түркістан облысы Санитариялық эпидемологиялық бақылу департаменті басшысының орынбасары

Бизнес өкілдеріне барлық мүмкіндіктер беріліп отыр. Тек ашық бағдарламасымен жасыл статуспен шектеусіз , шексіз жұмыс істейтін болады. 

Соңғы тәулікте  Түркістан облысында коронавирусқа шалдыққан 123 адам анықталды.    Егерде аурушаңдық деңгейі күрт өссе, жеңілдеген шектеулер қайта күшейеді.

 

Н.Кенжехан                                      

Тақырып бойынша материалдар

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
17:35, 24 маусым 2022
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРУ ТЫЙЫЛАР ЕМЕС
13:58, 20 маусым 2022
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРУ ТЫЙЫЛАР ЕМЕС
Толығырақ...
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕР ҚЫЗЫП ТҰР
13:49, 22 маусым 2022
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕР ҚЫЗЫП ТҰР
Толығырақ...