
Шымкенттегі криминогендік жағдайды төмендету үшін қылмыстың географиялық картасы әзірленеді. Сол арқылы қай аумақта құқықбұзушылық көп орын алатындығын және оның себептерін саралайтын болады. Осы және өзгеде мәселелерді мегаполис басшысы Мұрат Әйтеновтың құзырлы орган қызметкерлерімен көздесуінде талқыланды. Тақырыпты тілші тарқатады.
Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың қатысуымен Шымкент қаласының аумағында өңірлік қылмыстың криминологиялық болжамының жекелеген аспектілері туралы пилоттық жобаның презентациясы өті. Бұл жоба қаладағы қылмыс көрсеткішін төмендетуге бағытталған. Қылмыс картасы арқылы заңбұзушылықтарды анықтап ғана қоймай оның себебін ашып салдарын жоятын болады.
Форумда «Бизнесті қорғау және қолдау» тақырыбыда кеңінен талқыланды. Кәсіпкерлікте кездесетін кезергілер әңгімеге арқау болды. Әсіресе құзырлы органдар тарапынан өңірлік бизнеске кедергі болмау жағы сөз болды. Осыған байланысты тиісті сала өкілдеріне тапсырмалар жүктелді.
Айта кетейік, 2022 жылғы 19 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесті. Онда Мемлекет басшысы тартымды бизнес-ахуалды қалыптастыру барлық қабылданған шешім мен рәсімді өңірлік, жергілікті деңгейде тиімді іске асыру айқындаушы рөл атқаруы тиіс екенін атап өтті. Президент өңірдің әкімдеріне ескертулерді назарға алуды және шұғыл міндеттерді шешуді тапсырды. Бұл форумда сол тапсырманы жүзеге асыру үшін ұймдастырылған.