ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

КЕЗЕКТІ XLI ЕСЕП-БЕРУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

13:47, 6 мамыр 2021

«Nur Otan» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының кезекті XLI конференциясы өтті. Конференцияға аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков, Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелері, 14 бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар, партияның «Jas Otan» жастар қанаты және БАҚ өкілдері қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде үш мәселе ұсынылды. Бірінші мәселе бойынша партияның аумақтық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есебі айтылды. Алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков баяндама жасап өтті.

Өскен Алдамжаров – аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

Бұдан бөлек аудан әкімі орынбасары Бағдатбек Жанғазиев коммуналдық сала бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстар, әзірленіп жатқан жобалар мен алдағы жоспарларды баяндады. Жиында аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Өскен Алдамжаров, Түркістан облыстық мәслихат депутаты,Түркістан облыстық Саяси кеңесінің мүшесі Ғабиден Қапалбаев, аудандық партия ардагері - Бағдат Қалаубай жарыссөзге шығып, сөз сөйлеп, бірқатар ұсыныс-пікірлер айтты.

Бағдатбек Жанғазиев – аудан әкімінің орынбасары

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша партияның аумақтық филиалының Саяси кеңесінің 17 мүшеден құралған жаңа құрамы таныстырылды. Дауысқа салынып, бірауыздан қабылданды. Ал, соңғы мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті XLI конференциясына 9 делегаттың тізімі ұсынылып, көпшілік партия мүшелерінің шешімімен бірауыздан бекітілді. Жиын соңында аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы конференцияның қаулы жобасымен таныстырып, жиынды қорытындылады.

 

Ә. Дәулетбекқызы                                              

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...