ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ҚИСАЙҒАН ОМЫРТҚАҒА ОТА ЖАСАЛДЫ

12:52, 22 қараша 2021

Шымкентте алғаш рет сколиоз ауруына шалдыққан науқасқа күрделі ота жасалды. Тың әдіспен жасалған операция Нұр-Сұлтан қаласынан келген білікті травматолог дәрігер Болат Нығмановтың жетекшілігімен өтті. Алдағы уақытта мұндай отаны өзіміздің жергілікті дәрігерлер жасайды деп жоспарлануда. Ол үшін ақ халаттылар әлі біраз тәжірибе жинақтамақ.

Күрделі ота омыртқасы қисайған 10 жастағы қыз баласына жасалды. 8 сағатқа созылған операция кезінде науқастың қисайған сүйегі  түзетіліп, денесін тік ұстауы үшін арнайы темір құрылғысы арқа тұсына орнатылған. Ол бала денсаулығына ешқандай кері әсер тигізбейді, дейді дәрігерлер.

Болат Нағыманов -  Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығы ортопедия бөлімінің жетекшісі

Мұндай отаның түрі  Нұр-Сұлтан қаласында 2010 жылдан бері жасалып келеді. Онда жылына орта есеппен  еліміздің әр өңірінен келген 150-ге жуық бала операция үстеліне жатқызылады екен.  Күрделі отаға жергілікті травматолог ортапед дәрігерлерде қатысты. Нұрсұлтандық әріптестерінен  тәжірибе жинақтаған олар, алдағы уақытта Украин елінде біліктіліктерін шыңдамақ  ниетте. Сөйтіп, күрделі травматологиялық ота жасау барысын жетік меңгеріп, жергілікті деңгейде дамытуда қолға алуды жоспарлап отыр екен. 

Болат Нұсқабаев – Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі

Отадан кейін науқастың жағдайы бұрынғыдан жақсара түсетініне, ақ халаттылар сеніммен қарайды. Өйткені, омыртқаның қисаюынан пайда болған бүкірлігі  жойылып , науқастың бойының ұзындығы қалпына келеді екен. Сондай-ақ, іш құрылысындағы процестерде оң  нәтиже байқалады, дейді дәрігерлер. Оңтүстік өңірінде сколизге шалдыққан науқас балалар саны баршылық. Осы орайда, білікті дәрігерлердің беретін басты кеңесі,  дұрыс тамақтану.  Аурудың астан келетінін тағы бір мәрте еске салған ақ халаттылар, сонымен қатар өсіп келе жатқан жас ағзаға мөлшерінен артық зат көтерудің де кері әсері көп екенін айтады.

 

Г.Асқарқызы                              

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...