ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР

14:06, 5 наурыз 2021

«Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Көктем аруы – 2021» байқауы және «Аналарды ардақтайық» атты іс-шарасы өтті. Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бастамасымен 30 анаға құрмет көрсетілді. Және студенттер арасында дәстүрлі байқау жалғасын тапты.

«Аналарды ардақтайық» акциясы ел мерейін асыратын ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісіне сүбелі үлес қосқан аналарды марапаттауға арналған. Шуақты мереке 8-ші наурызға және Тәуелсіздіктің 30-жылдығына орай 30 анаға Шымкент қаласы әкімінің алғыс хаты табыс етілді. Ұрпағына демеу болып жүрген ардақтыларға арнайы сый-сияпат берілді.

Жақсыгүл Маханбетова – көп балалы ана

Іс-шараның жалғасы – жастарды ізгілікке баулу мен қатар ұлттық салт-дәстүрді насихаттау үшін «Көктем аруы – 2021» байқауымен өрбіді.Қыз балалардың бойына асыл қасиеттерді сіңіріп, осындай байқаулар арқылы талғаммен көркемдікті ұғындыру да басты назарға алынып отыр – дейді, ұйымдастырушылар.

Ерлан Айтбаев - «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры

 «Көктем аруы» байқауына 16 мен 25 жас аралығындағы білімді, өнерлі, әдет-ғұрыптардан хабары мол аруларға қатысуға мүмкіндік берілген. 100-ге жуық үміткерден кастинг нәтижесі бойынша 30 қыз іріктеліп, ақтық мәреге жетуге 20 сы бақ сынады.

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...