ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

КОНТРАФАКТІЛІ АРАҚ –ШАРАПТАН УЛАНҒАНДАР КӨБЕЙГЕН

17:35, 23 қараша 2021

Шымкенттік 51 жастағы келіншек екі жылдан бері контрафактілі өнімдерді сақтап, сатумен айналысқан. Құзырлы орган өкілдері сатушының 2019 жылдың желтоқсан айынан бері қаладағы базарлардың бірінен қойманы жалға алғанын әшкерелеген. Ол серіктесінен өнімдерді құжатсыз сатып алып отырған. Бұл туралы бүгін жергілікті Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өкілдері мәлімдеді. Заңсыз жолмен пайдаға кенелгісі келгендер қандай жазаға тартылды? Әріптесім Мақпал Рысбаеваның сюжетінен білеміз.

Қаладағы қоймалардың бірінде көлеңкелі бизнестің көрігін қыздырғандар департамент қызметкерлері ұйымдастырған жедел операциясы кезінде қолға түскен.  Тексеру кезінде мамандар 40-тан астам арақ-шарап түрлерін,  60 мыңнан астам бөтелке тәркілеген. Осылайша 25 млн. теңгенің залалын келтірген келіншек заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан үшін 1 жылға бас бостандығынан шектелді. Тергеу кезінде пысықайдың  заңсыз өнімдерді «Дос-Ай-7» ЖШС-нің басшысы азамат Алжановтан алып отырғаны да әшкере болды.  

Жұпар Мамытова Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі    : 3/07-30

Жедел-іздестіру шаралары кезінде жыл басынан 12 жасырын цехтің жолы кесілген. Этил спирті мен алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымы бойынша мемлекетке жалпы 11 млн. теңгеден астам залал келтіріліпті. Алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымынан тек мемлекетке ғана залал келмейді, оларды  тұтыну  адам ағзасына да  зиянды, дейді мамандар.

Жұпар Мамытова Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі

Айта кетейік, қалада былтыр 200 адам алкагольден уланса, , биыл олардың саны 40 адамға көбейіпті.  Құзырлылар көлеңкелі бизнеспен айналысатындар көбіне отандық маркаларды пайдаланын айтады.

 

Автор:М.Рысбаева                           

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...