ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРҒА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

17:17, 8 сәуір 2021

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Мемлекеттік көші-қон бағдарламасын насихаттау бойынша брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Павлодар облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көші-қон бөлімінің басшысы Меруерт Сейітбекқызы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының іске асыру барысын баяндады.

Павлодар облысына «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына 6 652 адам енгізілді. Олардың еңбекке қабілетті жастағы азаматтардың  2 523-не жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары көрсетіліп, оның ішінде 2 291 адам немесе 78,1 пайызы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Бұл ретте қоныс аударушылардың ішінде 686 отбасы  тұрғын үйді жалға, 486 отбасы  тұрғын үй сатып алды. Ал 239 отбасы  мемлекеттік бағдарлама бойынша баспанаға қол жеткізді. 4 отбасы жұмыс беруші есебінен баспаналы болса, 4 отбасы коммуналдық тұрғын үймен қамтамасыз етілді, – деді Меруерт Есембаева.

Меруерт Есембаева - Павлодар облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көші-қон бөлімінің басшысы

Оның айтуынша, аталған бағдарлама аясында Шымкент қаласынан 69 отбасы, ал Түркістан облысынан 393 отбасы қоныс аударған. Осы орайда Павлодар облысында қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы республикалық бюджет есебінен 307 пәтер салынған. Брифинг барысында спикерлер «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қоныс аударушыларға барлық мүмкіндік қарастырылып отырғанын айрықша атап өтті. Ал солтүстік өңіріне көшіп барған азаматтар БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, бағдарламаның маңыздылығына тоқталды.

 

Назкен Скандар                                                                                                                       

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 13 сәуір 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖАН
18:33, 13 сәуір 2021
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОНКҮНДІК  ШАРАЛАР  ЖЫЛДАРДЫҢ  ЖҮГІН  КӨТЕРУДЕ
14:57, 12 сәуір 2021
ОНКҮНДІК ШАРАЛАР ЖЫЛДАРДЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРУДЕ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
16:40, 9 сәуір 2021
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...