ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

КОРОНАВИРУСПЕН АУРУ ДЕРЕГІ 34 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ

12:50, 23 қараша 2021

Түркістан облысында 5 мыңнан астам жасөспірім, 1 мыңнан астам жүкті және лактация кезіндегі 500-ге жуық әйел «Pfizer» вакцинасын алып үлгерген. Дәрігерлер жасөспірімдерді медициналық тексеруден өткізіп, қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда екпе егуде.

Қазіргі уақытта облыс бойынша  «Pfizer» екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынады. Яғни, профилактикалық екпе азаматтардың өз келісімімен ал, жасөспірімдерді вакцинациялау тек ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жүзеге асады. Айта кетейік, Түркістан облысына «Pfizer» вакцинасының 17550 дана мөлшеріндегі екінші партиясы жеткізілген. Облыс бойынша соңғы 2 аптада коронавирустық инфекциямен жалпы аурушаңдықтың төмендеуі жалғасты. Аурушаңдық 34 пайызға төмендеген. Мобильді топтар тарапынан 2,5 мыңнан астам нысан араланып, 33 баянат түскен. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ауру қарқыны бәсеңдегенмен қауіпсіздік іс-шараларын тоқтатпауды, тәртіпті босаңсытпауды тапсырды.

 

М. Айтжанов

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...