ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ҚОЖАЙЫННЫҢ ТРАКТОРЫН АЙДАП КЕТКЕН

12:37, 25 қараша 2021

Бәйдібек ауданында жас жігіт қожайынының тракторын айдап кеткен. Аталған жайтты полицейлер бірден ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеуге алды. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 4 миллион теңгені құрады.

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның Жамбыл ауылының батыс беткейінде орналасқан жеке меншік мал қорасында тұрған «МТЗ 80» тракторын өзінің шаруашылығында жұмысшы болып істейтін жас жігіт рұқсатсыз айдап кеткен. Жәбірленуші көлігі жоқ болған сәттен іздеуге кіріскен, алайда таба алмаған. Ал жұмысшысымен мүлдем байланыса алмаған. Ақпарат түсісімен бәйдібектік тәжірибелі тәртіп сақшылары шұғыл іздестіру шараларын бастап кетті. Куәлардан сұрастырды.  Көліктің бағытымен іздеуді жалғастырды. Нәтижесінде оқиға орнынан 130 шақырым қашықтықтан иесіз тұрған тракторды анықтады. Ал күдікті ретінде төлебилік жас жігітті анықтап, оны Шымкент қаласынан ұстады. Тексеру кезінде күдікті жігіттің бұрында өзгенің көлігін айдап кеткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны расталды. Белгілі болғандай, ұсталған жас жігіт заңсыз әрекет жасаған сәтте мас халде болған. Содан барар жеріне ертерек жету мақсатында өзгенің тракторын  мініп кеткен. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Күдікті қамауға алынды.      

Амангелді Әкежан - Бәйдібек АПБ Тергеу бөлімшесінің тергеушісі полиция аға лейтенанты

 

АВТ. ӘЙГЕРІМ.                                                                

Тақырып бойынша материалдар

БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:23, 26 қараша 2021
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ...
Толығырақ...
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
20:19, 26 қараша 2021
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
20:14, 26 қараша 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

13:05, 22 қараша 2021
ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ «ONTUSTIK» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТІМЕН ЖҮЗ...
Толығырақ...
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
17:29, 22 қараша 2021
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
Толығырақ...
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
17:38, 24 қараша 2021
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
Толығырақ...