ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

Қ.ТОҚАЕВ: МАҚСАТ-ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ҚҰРУ.

13:21, 14 қаңтар 2022

Ел Президенті Үкімет отырысында көтерген өзекті мәселелердің бірі – экономика саласы. Заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар нарықтық экономиканы құру және дамыту – басты мақсат, - деді Мемлекет басшысы. Осы тұрғыда үкіметтегілерге де нақты тапсырмалар жүктеді. Экономиканы тұралатпай, жаңа тұғырын қалыптастыру үшін не істеу керек? Өңірдегі сала мамандары өз ойларымен бөлісті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде ел экономикасының жаңа тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу керектігін айтты. Оның ішінде әсіресе, кәсіпкерлік саласына көптеп қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті

Экономикалық саясатымыздың мақсаты – айқын. Бұл – заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар нарықтық экономика құру және дамыту. Бұл жүйенің өзегінде қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіне білетін кәсіпкерлеріміздің ауқымды тобы тұратыны анық. Яғни, бұл – өзінің және балаларының тағдырын Қазақстанмен ғана байланыстыратын кәсіпкерлер. Дәл осындай кәсіпкерлер ел болашағы үшін өзіне жауапкершілік алуға дайын. Сол себепті, кәсіпкерлікті дамыту үшін жүйелі жұмыс атқару өте маңызды. Мен бизнеске түскен бюрократиялық салмақты айтарлықтай азайтып, оныңөсіп-өркендеуіне жол ашатын заңға қол қойдым. Үкімет осы заңның әлеуетін нақты іс жүзінде пайдалануы қажет.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту - экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы болары сөзсіз. Осы салаға көңіл бөлу арқылы жұмыссыздар қатарын азайту сынды мәселелердің түйінін тарқатуға болады. Ал, еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікті орнықты дамыту үшін цифрлы технологиялар­­ды қолдану мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажет, - дейді Шымкенттік экономистер.

Парида Байнеева – экономист

Сондай-ақ, қаламыздың экономикалық ахуалын арттыру үшін  алдымен, Шымкенттегі көлік және логистика,  инжиниринг, білім беру, медицина, туризм салаларына көңіл бөлген абзал екендігін айтады. Ал, көлеңкелі экономикамен күресте кәсібін енді ғана бастаған тұрғындарға қолдау басым болса, - дейді. Себебі, көлеңкелі экономика мәселесі шешілсе, ашықтық арқылы ел экономикасының даму үрдісін көруге мүмкіндік бар екендігін айтады.

Парида Байнеева – экономист

 

Перизат Ортай

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...