ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

КҮНДЕЛІКТІ 400-ДЕН АСА АДАМҒА ЕКПЕ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗЕДІ

13:17, 4 мамыр 2021

Шымкент қаласында егу пунктері күнделікті таңертеңнен бастап, түнгі сағат 24:00-ге дейін жұмыс істейді. Медицина мамандары емханада демалыс күндері, тіпті түскі үзіліске қарамастан, азаматтарға медициналық қызмет көрсетуде. Тұрғындарға күнделікті вакциналау жұмыстарын жүргізетін дәрігерлердің бірі – № 13 қалалық емханасының медбикесі Диляра Хусанова.

Диляра Хусанова елімізде жаппай вакциналау жұмыстары басталғаннан бері емханада үзіліссіз аянбай еңбек етуде. Білікті дәрігер күн сайын 400-ден аса адамға ковидке қарсы вакцина салады. – Өз еркімен вакцина алуға келген азаматтарға екпенің пайдасы туралы айтып өтеміз. Қазір оң пікір қалыптасып келеді. Сол себептен де күннен- күнге екпе алушылардың қатары артып отыр,  – дейді дәрігер. Айта кетейік, орта буын өкілі 18 жылдан бері медицина саласында жұмыс істейді. Бүгінге дейін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында біліктілігін арттырып, халықтың саулығы үшін қызмет етуде.

 

АВТ. МАРЖАН.                                 

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...