ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕР МУЗЕЙГЕ ТАПСЫРЫЛДЫ

13:24, 7 маусым 2021

Шардара қаласынан І-ІІІ ғасырларға тиесілі балбал тас табылды. Құнды жәдігерді жергілікті тұрғын мал бағып жүріп көзі шалған. Ғалымдар тас мүсін орта ерте ғасырлық дүние деген байламға келген. Тарихи жәдігер теңіз жағасындағы Құйған ауылына қарайтын Шекертөбе маңындағы «Шыңғыс» шаруа қожалығынан табылған еді. Өте құнды саналатын осынау балбал тасты шаруа қожалық иесі Шекер апа Төребекова аудандық тарихи-өлкетану музейіне тапсырып, өте бір игілікті іс жасады.

 Музей меңгерушісі Нұрлан Сымайыловтың айтуынша бұл көне жәдігер біздің заманымыздағы І-ІІІ ғасырларға тиесілі көрінеді. Баға жетпес дүние саналатын құнды жәдігер екенін атап өткен Нұрлан Қалиұлы осынау игі іске мұрындық болған  облыстық мәдениет басқармасына қарасты тарихи-мәдени мұраны қорғау, пайдалану және қалпына келтіру жөніндегі орталық директоры  Жандос Құрбанға, қожалық иесі Шекер апа Төребековаға алғысын білдірді.

Нұрлан Сымайылов. Шардара аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі.

Нүркен Төребеков, «Шыңғыс» шаруа қожалығының төрағасы.

Қазіргі таңда теңіз жағасынан табылған балбал тасты облыстық тарихи  және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізу жөнінде құжаттар әзірленуде.

Жандос Құрбан, болған  облыстық мәдениет басқармасына қарасты тарихи-мәдени мұраны қорғау, пайдалану және қалпына келтіру жөніндегі орталық директоры

Балбал тасты музейге тапсыру шарасына аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, облыстық мәдениет басқармасына қарасты тарихи-мәдени мұраны қорғау, пайдалану және қалпына келтіру жөніндегі орталық директоры  Жандос Құрбан, аудандық ардагерлер Кеңесінің төқрағасаы Тоқсанбай Бердібеков, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов қатысып құттықтау сөз сөйледі. Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев төл тарихымызды танып-білуге орасан зор үлес қосатын жәдігерді халық игілігіне беріп отырған Шекер Төребековаға алғыс айтып, иығына орамал жапты.

Шардара ауданынан Нұржан Сейдазимов   Қуаныш Әуелбеков

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...