ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ

12:49, 27 шілде 2020

Мұсылманның ең ұлық мейрамы Құрбан айт биыл 31 шілде мен 2 тамыз аралығына тұспа-тұс келіп отыр. Айт күндері жағдайы бар әрбір мұсылманға мал шалу уәжіп амал болып есептелінеді. Алайда, еліміздегі карантиндік шектеулерге байланысты Құрбан айт намазы оқылмайтын болды. Сондай-ақ, қасапханаларда мал сойылмайды. Ал, айт дастарханынан үй-үйді аралап дәм татуға тиым салынды.

Алла Тағала құранда Раббың үшін айт намазын орында, құрбан шал деген. Құрбандық шалу бізге Ибрахим пайғамбарымыздың кезінен бастап сүннет болған. Құрбандық айт намазы оқылғаннан кейін шалынады. Егер, айт намазы оқылмай жатып құрбандық шалынса, онда ол құрбандық ретінде есептелмейді. Дегенмен, биылғы Құрбан айт мерекесі басқаша тойланғалы отыр. Қауіпті дерттің дендеуіне байланысты бұл жолы Құрбан айт намазы оқылмайтын болды. Жамағат таңда оқылған нәпіл намазынан кейін құрбандық шала берсе  болады.

Бақдәулет Абдрахманов – Шымкент қаласының бас имамы

Еліміздегі карантиндік жағдайға байланысты мал сою орындарының жұмысына тиым салынғаны белгілі. Алайда,  айт күндері құрбандық шалу рәсімдері қашықтықтан жүзеге асырылмақшы. Ол үшін Kurban  2020 Muftyat.kz  сайтына кіріп онлайн тапсырыс беруіңізге болады. Арнайы рұқсат етілген орында сіздің атыңыздан шалынған құрбандық еті түгелдей мұқтаж жандарға таратылады.  

Бақдәулет Абдрахманов – Шымкент қаласының бас имамы

Онлайн құрбандық шалу тәжірибесі әлемнің бірқатар елдерінде жүзеге асырылып келе жатқан көрінеді. Тіпті, тұрақтытүрде жолға қойғандары да бар екен. Ал, үйде шалынған құрбандық етінің 3/1 бөлігі айт дастарханына арналып асыады.  Биыл үй-үйді аралап айттықтан дәм татуға тиым салынды. Тұрғындар арасындағы түсіністік эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына сеп болады ма деген ниеттен туындаса керек-ті.

Бақдәулет Абдрахманов – Шымкент қаласының бас имамы

Айта кетейік, қашықтықтан шалынатын төрт түліктің бағасы тұрақты дейді, дін өкілдері. Онлайндағы тоқты 45 мың теңгеге бағаланса, жасынан асқан тұсақтар 60 мың теңге, ал сиыр 350 мың теңгеге бағаланса, түйе – 500 мың теңге болып бекітіліпті. Құрбандыққа уақ малды бір адам. Ал, ірі қараны бірнеше адам бірігіп шалуға болады. Тапсырыстар шілденің 30-на дейін қабылданады. Әзірге, 300 отбасы көмекке мұқтаж екендерін айтқан. Былтырғы жыл 1450 жанұяға құрбандық таратылыпты. Құрбан айт шілденің 30 мен 1-2 тамыз күндеріне тұспа-тұс келіп отыр.  Ал, арафа күні 29 шілдеге  белгіленген. Мұсылманның ұлық мейрамында ниет етіп шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!

Г. Асқарқызы

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
17:44, 15 қаңтар 2021
ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕ...
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕКЕНІН АЙТТЫ
17:40, 15 қаңтар 2021
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕКЕНІН АЙТ...
Толығырақ...
КРЕЩЕНИЕ АЯЗЫНДА СУҒА ТҮСУГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ
17:38, 15 қаңтар 2021
КРЕЩЕНИЕ АЯЗЫНДА СУҒА ТҮСУГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН ЖҮРГІЗУШІ ЖАЗАЛАНДЫ
17:29, 11 қаңтар 2021
ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН ЖҮРГІЗУШІ ЖАЗАЛАНДЫ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТҚА ҰСЫНЫЛҒАН ҮМІТКЕРЛЕР ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ
15:10, 14 қаңтар 2021
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТҚА ҰСЫНЫЛҒАН ҮМІТКЕР...
Толығырақ...