ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНДЫ

18:33, 22 мамыр 2020

Мақтаарал ауданы Мырзакент кентіндегі құрылыс алаңы дезинфекцияланды. Мақсаты - әртүрлі инфекциялық аурулардың ел ішінде таралуын болдырмау. Сондай-ақ, далалы жерде кездесетін қан сорғыш жәндіктерді жоюға бағытталған. Бұл туралы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Гаухар Сәулебекова мәлімдеді.

Қазіргі таңда Мырзакент кентінде жаңадан елдімекен бой көтеріп, онда 500-ден астам үй салынуда. Соған байланысты қауіп қатерді болдырмау үшін залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр.  Далалы жерлерде кене, бүрге сияқты зиянды жәндіктер жиі кездесетіні белгілі. Сондықтан мұндағы құрылысшылар мен көшіп келетін халықтың қауіпсіздігі ас маңызды.  Құрылыс алаңына арнайы дайындалған дәріні шашу үшін 3 маман жұмылдырылған. Айта кетейік, бұған дейін арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген қызметкерлер су басқан Фирдоуси және Өргебас ауылдарына да залалсыздандыру жұмыстарын жүргізген. Алдағы күндері қалған елдімекендерде де профилактикалық шаралар қолға алынатын болады.
М.ӘСЕМБЕК                                                                           

Тақырып бойынша материалдар

ПАРЛАМЕНТ ЖЕРДІ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ САТПАУДЫ КӨЗДЕЙТІН ЗАҢ ЖОБАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
19:32, 5 мамыр 2021
ПАРЛАМЕНТ ЖЕРДІ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ САТПАУДЫ КӨЗДЕЙТІН ЗАҢ ЖОБАСЫН...
Толығырақ...
2021-2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТ НАҚТЫЛАНДЫ
19:07, 5 мамыр 2021
2021-2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТ НАҚТЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАНҒА БАРУҒА КЕҢЕС БЕРДІ
13:36, 29 сәуір 2021
ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАНҒА БАРУҒА КЕҢЕС БЕРДІ
Толығырақ...