ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛЫПТЫ РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

11:42, 8 қаңтар 2022

Елімізде қалыптасқан төтенше жағдайға қарасмастан Шымкентте қолға алынған құрылыс жұмыстары қалыпты режимде жалғасуда. Бүгін сол жұмыстардың барысымен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Махсұт Исахов бастаған жұмысшы топ арнайы танысты. Ел игілігі үшін салынып жатқан нысандардағы жұмыс барысын бағамдаған әкім орынбасары барлық істі белгіленген межеде аяқтау керектігін жеткізді.

Мақсұт Исахов бастаған жұмысшы топ алдымен Рұсқұлов пен Қонаев көшелерінің қиылысында салынып жатқан  жер асты өткеліне барды. Қала әкімінің  орынбасары  мердігер компания өкілдеріне жұмысты барынша қарқынды және сапалы етіп аяқтауды тапсырды.  Қала ортақ мекен екенін айтып халықты сабырға шақырды және өз хәлінің жақсы екенін айтты.

Мақсұт Исахов-Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Айтып өту керек, бұл өткелдің құрылысы 2020 жылдың сңында басталған болатын. Содан алғашқы кезеңі өткен жылдың желтоқсанында аяқталды. Қазір екінші кезеңі жүзеге асып жатыр. Нақтырақ айтар болсақ жаяу жүргіншілерге арналған жол салынуда. Сонымен қатар Қонаев көшесінің құрылыс жұмыстары да жалғасып жатыр.

Әбдіқадыр Тәштаев- мердігер мекеменің бас инженері

Мадияр Байымбетов- Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары

Айтпақшы Қонаев көшесінің құрлысы үш кезеңнен тұрады. Соңғы сатысында Қонаев даңғылымен  соңында Тәуелсіздік көпірі салынады.

 

Рахат Арғынбай.

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...